Мәселе

ОҚО-да марқұмдардың сүйектері өзенге ағып жатыр

  • ОҚО-да марқұмдардың сүйектері өзенге ағып жатыр

    ОҚО-да марқұмдардың сүйектері өзенге ағып жатыр

Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы, Зертас ауылындағы ескі зиратта жерленген мәйіттердің қабірі ашылып, сүйектері жартаста шашылып жатыр. Маңындағы бұлақ пен өзен суына ағып кеткендері де бар. Ал суды пайдаланатын елді мекендер халқына қауіп төніп тұр. Дәл осылай дабыл қаққан ауыл белсендісі Түймебай БАЗАРОВ биліктен араша сұрады, деп хабарлады Отырар телеарнасы.

Маятас аулының тұрғыны Түймебай Базаров былтыр қазан айында қаза болған 65 жастағы құдашасын осы Зертас ауылындағы зиратқа жерлеген. Ол зиратта шашылған сүйектерді көргенде шошып, көпке дейін өз-өзінен келе алмағанын айтады. Ескі зираттың бір бөлігін су шайып кеткен. Ал ол суды қарияның айтуынша, Тоғыс, Елтай, Қаратас, Сайрам ауылдарының тұрғындары пайдаланып отыр. Зертас ауылының әкімдігі зираттағы жағдайдан хабардар. Қандай да бір жұмыс атқаруға аудандағы басшылардың қаржы бөлгенін күтіп отыр. Ал ауылдықтар шара тез арада қолданылмаса, зиратты су шайып кететінін айтуда.


«Бұл мәселе біздің назарымызда. Ол жерге көктемде ағаш отырғызып, аудандық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына хат жолдап, бетондауды және судың арнасын бұруды сұранып отырмыз», - дейді Төлеби ауданы Зертас ауылы әкімінің орынбасары Ерлан САПАРОВ.




Көрілген: 1025    Пікірлер: 0

жұма, 23.02.2018, 10:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Желтоқсан, 14:05
    Бұл не масқара! (видео)
    18 Қараша, 11:42
    Ерекше құдалық (ВИДЕО)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31