Мәселе

ОҚО-да мектеп оқушысы қала әкіміне "сараңдықты қойыңыз" деп тілек айтты

  • © NUR.KZ

    © NUR.KZ

Оңтүстік Қазақстанда мектеп оқушысы Арыс қаласының әкіміне "сараңдықты қойыңыз" деп тілегін жеткізді. Бұл туралы өңірдегі NUR.KZ тілшісі хабарлайды.


Балаларды қорғау күні қарсаңында Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек бірқатар оқу озаттарын қабылдады.


Оқушыларға балалық шағы мен еңбек жолы туралы айтып берген әкімді мектеп жасындағы балалар сұрақтың астына алды.


"Мұндай жетістікке кімнің арқасында жеттіңіз?" деп төтесінен қойылған сұраққа шаһар басшысы білім мен тынбай еткен еңбектің арқасында екенін алға тартты.


"Мен де сендер секілді балабақшаға, мектепке бардым. Мұғалімдердің айтқанын бәрін орындап, білімді оқушы болуға тырыстық. Қандай іспен айналыссақ та ұқыпты жасай білдік. Соның нәтижесінде міне, бүгін қаланың әкімі болып отырмын. Сол білімнің арқасында Қазақстанның түкпір-түкпірінде жұмыс істегенмін", - деді қала басшысы.

Сонымен қатар Мұрат Қадырбек оқушыларға ұстаздардың беріп жатқан білімін тереңірек алу қажеттігін айтып, оқу озаты болу кез келген баланың болашағын жарқын етеріне сенім білдірді.


Қабылдау барысында оқушылардың бірі әкімге тілегін жеткізіп, білдей бір қаланы басқарып отырған басшыны сараңдық танытпауға шақырды.


"Мыңға жетсе қойыңыз, сараңдықты қойыңыз. Күніне бірін сойыңыз. Үйіңізден кетпесін, мереке мен тойыңыз",- деді оқушы.


Қала басшысымен емін-еркін сұхбаттасқан мектеп жасындағы балалар болашақта әкім болып, ел басқарғысы келетінін ашып айтты. Тіпті сұхбат соңында шенеуніктің қызметі жұғысты болсын деген ырыммен әкімнің креслосына отырып та көрді.


Еске сала кетсек, жуырда ғана тілшілерге атқарылған жұмыстары туралы брифинг берген Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек ай сайын 420 мың теңге жалақы алатынын айтқан болатын. 




Көрілген: 1038    Пікірлер: 0

сенбі, 02.06.2018, 10:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31