Мәселе

Оқушылар "өлім топтарына" кірген

  • Оқушылар

    Оқушылар "өлім топтарына" кірген

Ата-аналардың айтуынша, Алматыда 20-дан астам оқушы бұл топтарға байқаусызда кірген.


Алматы қаласы білім беру саласындағы жаңа технологиялар орталығының директоры Андрей ДУПИК оқушыларды әлеуметтік желідегі "өлім топтарынан" қалай қорғауға болатынын айтты.


Өңірлік орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ол әлеуметтік желілерде кілт сөздер бойынша үнемі мониторинг жүргізілетінін айтып берді.


"Сондай топтар болса, құрамында кімдер барын анықтауға тырысамыз. Бұл топтарға сілтемені прокуратура мен ақпарат және коммуникациялар министрлігіне жіберіп, бұғаттаймыз", — дейді Андрей Дупик.


Қорыта айтқанда, былтыр көп таралған алты "өлім тобы" анықталған. Алматыда бұл топқа қосылғандар саны – 600, бәрі мектеп жасындағы балалар.


"Қала мектептеріне олардың анкетасын жіберіп, кім екендерін анықтадық. Барлығы 26 адам белгілі болды. Ата-аналары олардың бұл топқа байқаусызда кіргенін айтады", — дейді ол.


Директор атап өткендей, психологтардың көмегімен балалар арасында қосымша жұмыс жүргізіліпті.


ratel.kz




Көрілген: 649    Пікірлер: 0

жексенбі, 25.02.2018, 21:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30