Мәселе

Оқушылардың үй төбесіндегі қауіпті ойыны: педагогтар ата-аналарды сақ болуға шақырды

  • Сурет: instagram.com/kokshevideogram

    Сурет: instagram.com/kokshevideogram

Көкшетау қаласының мектеп басшылары оқушылардың ата-аналарын балаларды әлеуметтік желі арқылы өзіне тартатын қауіпті ойындарға назар салуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Мұндай ойындарды ұйымдастырушылар балаларды жабық топтарға алдап қосып, ол жерде түрлі сылтаумен өлімге соқтыратын флешмобқа қатысуға шақырады", - деп жазыпты жолдау авторлары.


Олар баланың осындай ойынның шырмауына ілінгенін білдіретін белгілерді анықтаған:


- Қара түсті киім таңдау, өліммен астасатын символдары бар болуы мүмкін;


- Сырт келбетінің күрт өзгеруі: самайын қырып тастау, шашын табиғи емес түске бояу;


- Ұйқының бұзылуы: маужырап жүру немесе ұйқының жоғалуы;


- Денесінде тілінген іздердің, күйуі немесе денеге жарақат салудың өзге белгілерінің (тыртық, ойық, тілу, тесу) болуы;


- Үнемі виртуалды өмірде жүруі, желі арқылы хат алмасуға қатты көңіл бөлу (көбіне бейтаныс адамдармен);


- Девайстарына қолжетімділіктің болмауы, компьютерге қосымша құпия сөз орнату, парақшаны аноним қарауға мүмкіндік беретін браузерлерді қолдану;


- Мистикалық фильмдерге және қатыгездік көрсетілген тұстарына қызығу;


- Өзгеше символы бар тату салдыруға деген аяқасты құлшыныс;


- Ата-анасымен қарым-қатынастан қашу және көңіл-күйін жасыру;


- Желілерден қауіпті белгілердің пайда болуы: Әлеуметтік желідегі күйзелісті білдіретін жазбалардың пайда болуы, өз парақшасында өлімге байланысты түнерген бейнелер мен дәйексөздердің пайда болуы.


"Суреттерде бетін қолмен немесе киіммен қалқалау, осындай суреттерде сұқ саусағын көрсету, бұл өзіне қол салуды меңзейтін фотосуреттер. Медуза, мысық, көбелек, единорог, биіктен, төбеден түсірілген суреттер және жоғары жүзіп бара жатқан киттердің бейнесі қауіпті есептеледі. Әлеуметтік желідегі парақшасында түнерген музыканы сақтау, суицидке бейімділікті анық білдіреді. Егер балаңыздан жоғарыда көрсетілген белгіліердің біреуін болса да байқап, оның өлім тобына мүше болғанынан сезіктеніп жүрсеңіз, оған дауыс көтеріп, дереу доғаруды талап етпеңіз. Кез келген кикілжің ойына алғанын жүзеге асыруға итермелеуі мүмкін. Бастысы бірден мектеп психологына хабарласыңыз", - деп өтініпті мектеп басшылары ата-аналардан.

 




Көрілген: 666    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 02.05.2018, 18:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30