Мәселе

Онлайн-эротикамен айналысатын астаналық ару өз "кәсібі" туралы айтып берді

  • © dailyurbanista.com

    © dailyurbanista.com

35 жастағы Нинаны Астанада кезіктірген адам, оның немен айналысатынын болжай да алмайды. Ол барлық таныстарына атақты ыдыс-аяқ фирмасының сату бойынша менеджері болып жұмыс істеймін деп айтады. Нина шын мәнінде қандай іспен айналысатыны туралы NUR.KZ порталына айтып берді.


Әйелдің негізгі табыс көзі - осымен сегізінші жыл интернеттегі интимдік қызмет көрсететін сайттар екен.


"Мен күйеуімнен ажырасқалы жалғыз өзім тұрамын. Балаларым ата-анаммен бірге. Оларға апта сайын барып, керек заттарын алып беремін", - дейді ол.


Нинаның айтуынша, бұл бизнеске ол кездейсоқ келіпті. Алғашында әлеуметтік желілерде өзіне күйеужігіт тапқысы келіп, көптеген азаматтармен сөйлесіпті. Олардың көбісі жалғызбасты әйелге "шешінші" деп өтінеді екен.


Бастапқыда ерсі өтініштен бас тартқан әйел, бір күні құрбысы екеуі алкогольдік ішімдік ішіп отырып, интернеттегі азаматтардың өтінішін орындапты. Сол кезде еркектер олардың сымбатты тәніне жағымды пікірлер айтып, көңілдерін көтерген екен.


Уақыт өте келе Нина бұл әдетін тек көңіл көтеру үшін емес, ақша табу үшін де пайдаланғысы келіпті. Сөйтіп ресейлік сайттар арқылы жұмыспен келіседі.


Жалақысы жақсы, "оңай жұмыс" тапқан арулар бизнесін бастау үшін құрбысының пәтерін жалға беріп, екеуі Нинаның үйінде тұра бастайды. Тапқан табыстарына жасанды шаш пен эротикалық киімдер сатып алыпты.


Нина жұмысқа орналасқанда камера алдында іш киіммен отырамыз деп ойлаған екен. Бірақ қызметі одан әлдеқайда "ашық" болуды талап еткен. Шешінгенімен қоймай, би билеп, түрлі ұятсыз қимылдар жасауы керек болған.


"Біраз күннен кейін біз бұл жұмысқа үйреніп кеттік. Ақшадан біраз тарығып жүргендіктен, аптасына алатын 10 рубльге байып қалатынбыз. Ал үш жыл өткен соң біз үш сайтта қатар жұмыс істейтін болдық. Құрбым екеуміз пәтерлерімізді кеңейттік. Көлік сатып алдық. Содан кейін құрбым күйеуімен қайта қосылды да, жұмысын тастап кетті ", - дейді Нина.


Қазір ол аптасына 80-100 мың теңге табады екен. Осы ақшасына жалғызбасты ана баласының үйірмелерін төлеп, болашақта Прагаға оқытпақшы.


"Менің жұмысымды оңай деп ойлайтындар ешнәрсені де түсінбейді. Үйде үнемі биік өкшелі аяқ киім мен жасанды шаш киіп жүремін. Соның кесірінен басым терлеп, аяқтарым қақсайды. Тамақты да шектеп жеймін. Қазір салмағым 52 келі", - дейді әйел.


Нинаға интимдік сайтта өзінің таныстары кездескен кездер де көп болыпты. Дегенмен қалың макияж бен жасанды шаштан оны ешкім тани алмайды екен.


Әйел өзінің қазіргі "бизнесі" жайлы анасы мен бір-екі құрбысы ғана білетінін айтады. Ал әкесі біліп қойса жұдырықтың астына алатын көрінеді. Осыған қарамастан Нина әзірге кәсібін тоқтатып, күйеуге шығуды ойламайды. Себебі әлі де жетуі тиіс мақсаттары бар екен.


Нинаның айтуынша, сайтта әртүрлі жастағы қыздар жұмыс істейді.


"Менің жасым 35-те болғанымен, өзім 30 жастағы әйелге ұқсаймын. Сайтта 55, 20 жастағылар да бар. Бұл бизнесте әлі 5-7 жыл істейтін шығармын деп ойлаймын. Біраз ақша жинап, демалысқа кеткім келеді. Қалай болғанда да енді мен жұрт сияқты қарапайым жұмыста істей алмаймын. Себебі барлық жерде жалақы аз төленеді. Мүмкін желілік маркетинг ашармын", - деп сөзін аяқтады ол. 




Көрілген: 1544    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.02.2018, 14:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31