Мәселе

Оңтүстік Қазақстанда имамға ауыр айып тағылды

  • © 31.kz

    © 31.kz

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында басқа адам емес, имамның өзі теріс уағыз жасаған болып шықты.


Қарабұлақтағы мешітте имам қызметінде болған азаматқа құзырлы орындағылар теріс дінді уағыздап, тұрғындар арасында алауыздықты қоздырғаны үшін айып таққан. «Жамағатқа уағыз айтуда экстремистік идеологияны насихаттады» деген молданың ісі қазір аудандық сотта қарала бастады.


Қырық бес мыңдай халқы бар Сайрамның Қарабұлақ ауылында жиырма үш мешіт бар. Ал діни алауыздық тудырды деген имам, міне, осы мешітте басшылық еткен. Имамға бой түзеп, соған ұйыдық дегендер теріс уағызынан хабарымыз жоқ деп отыр.


РАХЫМЖАН МАМЕДОВ, тұрғын:


– Нормальный кісі еді. Оқып жүрдік қой соның артында намаз. Енді басқа тірліктерін білмеймін, бірақ. Оқып жүрдік соның артында.


МҮБӘРАК АХМЕДОВ, тұрғын:


– Намазға азанда бамдатқа келемін, бесінге және жұма намазға келемін. Алдыңғы имамымыз жақсы еді, бағасы жоқ, жаман десек, күнәға батамыз.


Мешіттің наиб-имамы да бұрынғы әріптесі жайлы пікір айтудан қашқақтады. Бұрын бірге жүрдік, ағайын-туыстары дұрыс түсінбеуі мүмкін дейді.


ЖАМАЛХАН ҚҰРБАНТАЕВ, Қарабұлақ ауылы мешітінің наиб-имамы:


– Оның әке-шешесі бар. Оның туыстары бар. Біз бірге сәлемдесіп, жұмыс орны болғандықтан, бірге келіп-кетіп жүргенбіз. Енді мен ол туралы бірдеңе деп, жоқ ешнәрсе айта алмаймын.


Имамды айыптаған іс бойынша қазір алғашқы отырыс қана өткен. Ол қылмыстық кодекстің 174-бабы 2-бөлігімен, яғни дiни алауыздықты қоздыру дерегімен жауапқа тартылуда.


САБЫР МЕЙРАМБАЕВ, ОҚО, Сайрам аудандық сотының кеңсе меңгерушісі:


– А.С. есімді азаматқа қатысты қылмыстық іс Сайрам аудандық сотының өндірісіне келіп түсті. Қылмыстық іс қазір қаралу барысында.


Діни экстремизге қатысты биылдың өзінде Сайрам ауданында үш азамат сотты болыпты. Бұл төртінші жағдай. Егер имамның қылмысы дәлелін табатын болса, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. 


31.kz




Көрілген: 1491    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 28.02.2018, 10:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30