Мәселе

Оңтүстіктің ашынған мұғалімдері жұмысқа тұру үшін қанша пара бергендерін жайып салды

  • © КТК

    © КТК

ОҚО Сарыағаш ауданына қарасты білім ордаларынан бүлік шықты деп хабарлайды NUR.KZ порталы КТК арнасындағы "Дай-дамайсыз" бағдарламасына сілтеме жасап.


Мектеп мұғалімдері директор тарапынан қудалауға түсіп, кейбірі қысқарып қалған соң ащы шындықты журналистерге жайып салған. Олар ауылда жұмыстың болмауы салдарынан мектепке пара беріп мұғалімдік, күзетші сынды қызметке орналасқандарын мойындап отыр.


Шағын орталықта қызмет жасаған Өлмесайдың жұмысқа тұруы үшін күйеуі жалғыз көлігін сатып, бар ақшасын директорға ұстатқанын ашумен айтып берді.



«Бастауыш сыныпқа мұғалім болу үшін маған «Өзбекәлі Жәнібеков» мектебінің директоры Үбайда Арыстанқызы 2200 доллар әкелесің деді. Бердім. Бір апта бұрын орталық жабылып қалды, сен қысқартылдың дейді. Не демалыс ақымды алмадым, не жұмыс жоқ. Жұмыссыз қалсам күйеуім шиеттей балаларыммен бірге үйден қуады», - деп жылады «Абай» ауылының жас ұстазы Өлмесай Әлімқұлова.


«Біздің үйдегі келін мен тағы бір жеңгем мектепке кірген. Жеңгем - 700 мың теңге берді, келінім - балабақшаға орналасу үшін 600 мың теңге берді. Директоры – орынбасардан да, күзетшіден де, мұғалімнен болсын барлығынан пара сұрайды, алады. Абай ауылында барлығы парамен шешіледі, жұмыс та ақшамен бітеді. Одан басқа заң деген жоқ», - деп ашынды ауыл тұрғыны Бауыржан Бейісов.



«Өзбекәлі Жәнібеков» атындағы мектепке еден жуушы болып орналасу үшін 250-300 мың теңге пара беруі қажет екенін тұрғындар қымсынбай ашық айтты.


Бір жыл бұрын заңсыз қудалауға ұшырап, мектептен кеткен мұғалім Алмагүл Бердиярова соңғы бір айда үйіне орала алмай жүр. Себебі күйеуі жұмыссыз қалған жарына жиі дауыс көтерсе, тіпті кейбір білім қызметкерлері полицияға арыз жазғаны үшін қорқытуға көшкен.


Қудалауға ұшырап, жұмыссыз қалған ұстаздар №73 мектепке басып кіргенде директоры ұшты-күйлі орнынан қашып кеткен. Орынбасары «пара туралы әңгіме жоқ» деп ақталғанымен мұғалімдер тексеру мен сырттан келушілердің аузын жабу үшін қаншадан ақша жинайтындарын видео және аудио жазбамен дәлелдеп берді.



«Аптасына жоқ дегенде мың теңгеден жинаймыз. Ол әшейін шай-пұлға деп аталады. Ал ауданнан тексеру келсе әр мұғалім 30-40 мың теңге өткізу қажет. Үйден де безіп кеттік осындай ақша жинаудан ұрыс-керіс болып. Тіпті директорлар желілік компанияға кіргізіп ақша құюға міндеттейді. Былтыр күйеуіме айтпай 150 мың бергенмін. Биыл қаражат болмай төлемеп едім, соңы міне мектептен қуылдым», - дейді арызданушының бірі.


Аудан басшылығы болса парақор директордың қылмысы дәлелденсе жұмыстан қуылып, ісі сотқа кетеді деп отыр. Тіпті олар мектеп директорларымен жиын өткізіп, қалтасын қампайтқан жемқорлармен жекелеп жұмыс жасауға уәде берген. Ал жұмыс орнын базарға айналдырған директордың ісімен енді полиция айналыспақ. Себебі, ашынған ұстаздар өздерін сүлікше сорған басшының үстінен жиылып арыз түсірді. 




Көрілген: 1147    Пікірлер: 3
Пікірлерді оқу (3) preloader

дүйсенбі, 13.11.2017, 19:54

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30