Оралдық жезөкшелердің ашық әңгімесі

Оралдық жезөкшелердің ашық әңгімесі

Жеңіл жүріске салынған оралдық қыз-келіншектерге жүктілік те, емізулі бала да кедергі емес екен. Олар айтқан әңгімеден көпті көрген тәртіп сақшылары да жағаларын ұстап отыр. Кезекті рейд өткізген полицейлер он шақты қызды тергеп, қызметтеріне қайта жіберді. Өйткені жеңгетай болмаса, түнгі көбелектерге жаза жоқ екені мәлім.

Жезөкшелердің қалыптасқан белгілі бір жұмыс кестесі болмаса да, полицейлер түн ауа іске кірісіп кетті. Тәртіп сақшылары ә дегеннен-ақ көше бойында көлбеңдеген он шақты қызды ұстап, бөлімшеге жеткізді. Мұнда жиі келетіндіктері көрініп-ақ тұр. Еш қарсылықсыз суретке түсіп, саусақ іздерін қалдырып, сауалдарға да саспай жауап беріп жатыр.

-Сізді біреу күштеп айналысқызды ма, өз еркіңізбен бе?

-Аха...

Қыздардың барлығы дерлік Оралға ауылдық жерлерден келген. Бір-бірінің аузына түкіріп қойғандай, айтатын әңгімелері де ұқсас. Қаладан жұмыс таппай үйге қайтуға именгенімен, интим-қызмет көрсетуді ар санамапты. Мысалы, Диана бір жылда қанша еркекпен төсектес болғанынан шатасса да, бір түнде қанша қаражат табатынын жақсы біледі. Күніне 20 мың теңге. Тапқанына өзі мен үйіндегі кішкентайын асырап отыр.

Диана:

-Үйден кетіп қалғасын құрбым осындай жұмыс барын айтты. Бір-екі рет шақыртуға бардым. Солай басталып кетті.

Бұл жолғы рейд кезінде перзентханадан шыға сап, тәнін саудалауға кіріскен келіншек анықталды. Оның жағдайы көпті көрген полицейлердің жағаларын ұстатты.

Владимир Мартынов, БҚО ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі:

-28 жастағы келіншек ұсталды.Өздеріңіз де естіген шығарсыздар, баласын босана сала тән саудасына қайты кірісті. Шақалағы мен өзін асырайтын ақшасы болмаған соң амалсыздан көшеге шықтым дейді.

Жиі өткізілетін мұндай шаралардың арқасында ауыр қылмыстар да ашылып жатыр екен. Мысалы, осыдан екі ай бұрын қыздарды секс-құлдықта ұстап отырған қылмыстық топ құрықталыпты. Қазір іс сотқа жетіп, 3 айыпталушы жазасын күтіп отыр. 

ktk.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста