Мәселе

Орта Азияда иммундық тапшы вирусына шалдыққандар қарасы екі есе көбейіп кеткен, соның ішінде Қазақстанда қанша?

  • Орта Азияда иммундық тапшы вирусына шалдыққандар қарасы екі есе көбейіп кеткен, соның ішінде Қазақстанда қанша?

    Орта Азияда иммундық тапшы вирусына шалдыққандар қарасы екі есе көбейіп кеткен, соның ішінде Қазақстанда қанша?

Орта Азия тұрғындарының арасында иммундық тапшы вирусын жұқтырғандар қарасы 2010 жылдан бері екі есе көбейіп кеткен. Бұл мәлімет Біріккен Ұлттар Ұйымының әлі күнге емі табылмаған аталған дертпен күрес жөніндегі біріккен бағдарлама мамандары жариялаған баяндамада келтірілген. Амсетрдам қаласында осы тақырыпта өткен халықаралық жиында жасалған баяндамада айтылғандай, өткен жылдың соңына таман Шығыс Еуропада және Орта Азияда аталған дертке 1,4 млн адам шалдыққан. 2016 жылы бұл көрсеткіш Шығыс еуропа мен Орта Азия тұрғындары арасында екі есе аз болатын - 69%. Осы алқалы жиында әлемнің әр түкпірінен келген денсаулық сақтау саласының мамандары мен сарапшылар иммундық тапшы вирусымен күреске қоғамның өзі кедергі келтіріп отырғанын жасырмады. Мұндай дертке шалдыққан адам қоғамнан оқшауланып, өгейдің күнін кешпес үшін ауруын жасырып, дер кезінде асқындырып алмай емделмейді. Бұл өз кезегінде аталған ауруды жұқтырушылар қарасын көбейтіп отыр. Бұдан бөлек, емдеуге қажетті ресурстар мен дәрі-дәрмек жетіспейді. Орта Азия бойынша Тәжікстанның Соғды облысында инфекция жұқтырғандардың 7,5 пайызын жасы 14-ке толмаған балалар құрап отыр. Ал елімізге келсек, жыл сайын бұл дертке шалдыққандар қарасы шамамен, яғни, орта есеппен алғанда 10 пайызға артып отырады екен. Дәл қазіргі уақытта елімізде 30 мыңға жуық азамат аталған дерт бойынша диспансерлік есепте тұр.


 


islam.kz




Көрілген: 353    Пікірлер: 0

сенбі, 28.07.2018, 20:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Желтоқсан, 14:05
    Бұл не масқара! (видео)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31