Мәселе

Өскемен тұрғыны қызын теріс діни ағым құрығынан қалай құтқарғанын айтты

  • © altaynews.kz

    © altaynews.kz

Қазір теріс діни ағымдардың жетегіне еріп, адасып жүргендердің қатары артып келеді. Осындай жағдайға Өскемен қаласының бір тұрғыны душар болған екен.


40 жастағы Сәлима (этикалық түсінік бойынша мақала кейіпкерлерінің есімдері өзгертілген) бақытты адамдардың бірі еді. Бірақ бақытты отбасының шаңырағы шайқалып, ерлі-зайыптылардың арасында уақыт өте келе түсініспеушілік пайда бола бастайды. Осылай ұрыс-керіспен өтіп жатқан күндер оның денсаулығына да кері әсерін тигізген. Қиыншылықты басынан кешіріп жүрген адам маңайындағы жақындарына қарайтын мұршасы болмайды ғой. Сәлима да бой жетіп қалған қызының мінез-құлқы күрт өзгеріп, құбылып кеткенін бірден аңғармай қалыпты.


-Әйгерім мектептен кейін университетке түсуден үзілді-кесілді бас тартты. «Базарға жұмысқа тұрамын» – деп, отбасымыздың қаржыдан қысылып жүргенін алға тартты. Оны райынан қайтаратындай менің дәл сол кездері жағдайым жоқ болатын. Жолдасым екеуіміз ажырасқалы жүрдік, – деп әңгімесін бастады Сәлима. – Күндердің бірінде жұмыстан оралған қызым өте мейірімді адамдармен танысқанын айтты. Олар Әйгерімді жұмысқа шақырып, жақсы жалақы төлейміз деп уәде еткен екен. Бұл әңгімесіне аса мән бермеп едім. Өзіміз секілді намазға жығылған жандар деген соң, жамандық күтпедім. Мұның арты не болатынын білсем ғой…


Әйгерімнің жаңа таныстары көп ұзамай бойжеткенге жақсы күйеу болатын «лайықты» жігіт іздеп тапқан көрінеді. Қыз да қарсы болмаған. Әлгі жігіт Әйгерімнің сенімін бірден жаулап алады.


-Ол жігіт қызыма барлық жағынан демеу болып жүрді. Қажет болғанда, тіпті, дәрі-дәрмегіне дейін сатып алып беретін. Бір күні қызым сол жігітке тұрмысқа шығамын деді. Тым жас еді, мен келісімімді бермедім. Алайда Әйгерім өз-өзіме қол саламын деп мені қорқытып, ақыры, дегеніне көндірді, – дейді Сәлима. – Сол кезден бастап туған қызымның танымастай өзгергенін байқайтын болдым. Бірден хиджаб киіп, қап-қара киіммен тұмшаланып алды. «Неге олай киініп жүрсің?» деген сұрағыма: «Осылай ыңғайлы. Киімім кірлемейді» деп жауап берді. Қызымның намазды қате оқитын әдетін де байқадым. Біраз уақыттан кейін ол теледидар көруден, музыка тыңдаудан, туыстарымен араласудан қалды. Күйеу баламмен сөйлесіп көрмек болып едім, одан ештене шықпады.


Сәлима басына түскен бұл қиыншылықты Шығыс Қазақстан облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының көмегімен жеңіп шығыпты. 18 жастағы Әйгерімге теологтар мен психологтар кәсіби көмек көрсетіп, теріс ағымға еріп адасқан қызды анасына қайтарған екен.


-Олардың көмегінсіз қолымнан түк келмес еді. Қызымды қайтару оңайға соқпады. Алғашында ешкімнің сөзіне құлақ аспайтын. Кейін біртіндеп беті бері қарап, ойлана бастады. Киім киісі, жүріс-тұрысы өзгеріп, жүзіне қайта күлкі үйірілді. Әлгі жігітпен қатынасын үзіп, менен кешірім сұрады. Мұның барлығына төрт айдан астам уақыт кетті. Баламды ортамызға қайтарған мамандарға алғысым шексіз, – дейді Сәлима.


Әйгерім бұрыңғы өміріне қайта оралып, жоғары оқу орнына түсуді мақсат етіп отыр. Болашақта психолог болуды армандайды екен. 


altaynews.kz




Көрілген: 1202    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.09.2018, 14:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Қараша, 11:42
    Ерекше құдалық (ВИДЕО)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30