Мәселе

Өскеменде қала әкімі қағып өлтірген жігіттің өліміне қатысты сұмдық жайттар белгілі болды

  • Коллаж: NUR.KZ

    Коллаж: NUR.KZ

ШҚО-да 19 жастағы Евгений Смольниковтың өліміне қатысты тың деректердің беті ашылды. Сол түні кезекшілік қызметте болған патрульдік полиция өкілінің айтуынша, жол-көлік оқиғасына Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаевтың тікелей қатысы бар болып шықты. Бұл туралы Еуразия арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.


Сәуірдің 15-і күні әдеттегідей кезекшілік-қызметін атқарған экс-полицей Сымбат Қарақұлов жол-көлік оқиғасының қалай болғанын баяндап берді.


"Жол-көлік оқиғасы орын алған жерге келгенімізде, көзімізге бірден "BMV X5" көлігі түсті. Көлік біздің келгенімізге қарамастан, одан ары ытқып, қаша жөнелді. Мен оларды тоқтату үшін көліктің соңына түстім. Бірақ көліктегілер бір ескерткеннен тоқтамады, тек бірнеше минуттан кейін ғана тоқтады", - дейді экс-полицей.


Сонымен бірге, бұрынғы тәртіп сақшысы бастапқыда көлік жүргізушісінің Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаев екенін білмегенін де айтып қалды. Десе де, полицейлердің "құжаттарыңызды көрсетіңіз" деген сөзіне, белді шенеунік қарсылық танытумен болыпты. Бұған қоса, ішімдік ішкені де байқалып тұрыпты.


"Тұмабаев осында болды, сосын Риддер қаласы ІІД басшысы да оқиға орнына келді. Екеуара сөйлескенінің де куәсі болдым. Сосын бізге "жол-көлік оқиғасы орын алған жерде Құрманбаев тек өзі ғана болды деп айтасыңдар" деген тапсырма келді. Жоғарыдан сондай нұсқау келген соң, орындауға тура келді. Бұл жерде бір нәрсе айқын – жол-көлік оқиғасында белді шенеуніктің қатысы бар болғандықтан, қаланың ІІД басшысы оның бұл іске қатысы жоқ деп көрсеткісі келді", - дейді экс-полицей.


Десе де кейін оқиға орнында Өскемен қаласының әкімі - Қуат Тұмабаевтың да болғаны анықталған еді. Ал шенеуніктің оқиға орнынан "тайып-тұрмақ" болған әрекетін, қорғаушылары "тура сол мезетте жандарынан өтіп бара жатқан жедел-жәрдем көлігін қуып жетпек болды" деп ақтапты.


Өкініштісі, шенділерді құрықтап, заң алдында жауап беруін талап еткен тәртіп сақшысын, өңірлік атқамінерлер жұмыстан қуып тыныпты. Өмірінің 23 жылын полиция қызметіне арнаған Сымбат Қарақұловтың зейнеткерлікке шығуына бар-жоғы жарты жыл ғана уақыт қалған.


"Соңында бәріне біз кінәлі болып шықтық. Сол түнгі жол-көлік оқиғасына қатысты "шикіліктер" үшін, мені маусым айында жұмыстан шығарып жіберді", - дейді патрульдік полиция қызметінің бұрынғы өкілі. 




Көрілген: 1330    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.08.2018, 11:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Желтоқсан, 14:05
    Бұл не масқара! (видео)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31