Мәселе

Өскеменнен Аягөзге көмек жасағы шықты

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Шығыс Қазақстан облысының бірнеше ауданында жауын соңы тасқынға айналуына байланысты 1000 адамдық апаттық құтқару тобы құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, толассыз жауынның салдарын жою үшін апаттық құтқару тобы құрылып, 1000 адам мен 300 арнайы техника бөлінген.


«Өткен тәулікте облыста бір айдың мөлшеріндегі жауын-шашын түсті. Дағдарыс орталығынан құрылған арнайы топқа 1000 адам, 300 техника, 56 жүзу құралы, 58 моторлы сорғы бөлінді» - делінген департаменттің баспасөз ақпаратында.


Жауын салдары әсіресе Аягөз, Ұлан, Глубокое аудандары мен Өскемен қаласында көбірек сезілуде. Қазіргі таңда су алған 22 үй мен 148 аулаға көмек көрсетілген.


Ресми дерек 23 адамның қауіпсіз жерге көшірілгенін айтады.


Ұлан ауданының Мамай батыр ауылындағы көпірде әлі де болса кезекші топ жұмыс істеуде. Өскемен-Алматы бағытындағы жолдың 130 метр бөлігіне су жайылған болатын. Қазір оның 80 метрі судан арылды.


Бір күн ішінде су алған аулалардан 3724 текше метр су сорып алынған. Соның ішінде Өскемен қаласында 3484 текше метр, Аягөз ауданында 240 текше метр су сорылған.


Облыс орталығынан Аягөз ауданына көмек ретінде 20 адам мен 5 техника шықты. Осы уақытқа дейін тұрғындардан «112» нөміріне 1000-нан астам қоңырау түскен.


 




Көрілген: 636    Пікірлер: 0

жексенбі, 11.03.2018, 19:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30