Мәселе

Өз-өзіне қомақты сыйақы берген қарағандылық шенеунік масқара болды

  • Өз-өзіне қомақты сыйақы берген қарағандылық шенеунік масқара болды

    Өз-өзіне қомақты сыйақы берген қарағандылық шенеунік масқара болды

Қарағандыда өзгеден гөрі өзін қаттырақ жақсы көретін жоғары лауазымды шенеунік тікелей бұйрығымен өз-өзіне бір миллион 260 мың теңге сыйақы жазып алған деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Облыс бойынша жердің пайдаланылуы мен қорғауын бақылау басқармасының басшысы Саяш Ахметовке бюджеттің қаржысын негізсіз алғаны үшін бар болғаны сөгіс жарияланды.


Басқарма басшысы өз кінәсін мойындап отыр. Шенеунік бұған дейін алған сөгісі үшін өзіне сыйақы берілмейтінін білмей қалса керек, қаржыны қалтасына салып алған.


Бірақ жоспардан тыс тексерістен кейін атқамінер аталған соманың жартысын бюджетке қайтаруға мәжбүр болады.


Ал қалған қарыздың көлемі - жеті жүз елу мың теңгеден асады. Дегенмен бұған дейін де жауапкершілікке тартылған шенеунік бұл жолы да тәртіптік сөгіске ғана ілікті. 




Көрілген: 375    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 30.01.2018, 09:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28