Мәселе

«Өзі түрмеде, көлігімен біреу көшеде жүр». Алматының прокуратурасы неге үнсіз?

  • «Өзі түрмеде, көлігімен біреу көшеде жүр». Алматының прокуратурасы неге үнсіз?

    «Өзі түрмеде, көлігімен біреу көшеде жүр». Алматының прокуратурасы неге үнсіз?

«Өзі түрмеде, көлігі тәркіленген. Бірақ үйіне штраф келіпті» деген масқара мақалаға байланысты ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті «біздің жазығымыз жоқ» дегендей, ақталып отыр. Ал осы дерекке қатысты тексеру жүргіземіз деген Алматы қаласының прокуратурасы әлі үндемей отыр.


Естеріңізге сала кетсек, Алматыда белгісіз біреулер сотталған адамның тәркіленген көлігіне мініп алып, жол ережесін бұзған еді. Көлік камераға түсіп, салынған айыппұлдар сотталған бейбақтың отбасына келіп жатқанын жазып едік.


Есет Маденов 2017 жылдың 24-ші қаңтарында 5 жылға сотталған. Дүние-мүлкі тәркіленген. Есеттің 491TRA05 нөмірлі SAMSUNG көлігін де сот мемлекет пайдасына тәркілеп алды.


Маденовтер отбасы тәркіленген көлік туралы ұмытып та кеткен еді, бірақ енді сол көлікке қатарынан екі штраф келіпті.


2017 жылдың 11 тамызында сағат 23:50-де көлікке мінген біреу Райымбек пен Фурманов көшелерінің қиылысында «стоп-линияны» басып кетсе, 24 тамызда Талғар трассасында тағы да штрафқа түскен.


ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінен келген жауапта мынадай қызық түсініктеме берілді:

«Е.Маденовтың атындағы 491TRA05 нөмірлі SAMSUNG көлік құралы сот орындаушысы Закешов Ш.А-ның №7550-16-00-1/362-41 орындау жөніндегі құжаты негізінде қабылданды.


Департамент және «Әскери Құрылыс» АҚ (бұдан ары – Басқарушы) арасындағы келісімшарттың 3.2.10 тармағына сай, соңғысы мемлекет меншігіне келіп түскен мүлікті сақтау қызметін ұсынады. 06.06.2017 жылы аталған автокөлік Басқарушыға өткізілді.


Осылайша, жол ережесі бұзылған уақытта, дәлірек айтқанда, 2017 жылдың 11-тамызы, сағат 23:50-де аталған автокөлікке Басқарушы жауап береді. Ал Департамент бұл көлікті өз балансына 2017 жылдың 11-қыркүйегінде қабылдап алды.


Осы жағдайға орай, «Әскери Құрылыс» АҚ-на хат жолданып, олардан жауап алдық. Олар берген жауапқа сай, 2017 жылдың 11-тамызында қойма меңгерушісі Есдәулетов Д.Р ешкімнен рұқсат алмай, тәркіленген көлікке мініп, қойма аумағынан шығып кеткен. Есдәулетов бұл әрекетін былайша түсіндірді:


ол тәркіленген көлікті жанында тұрғанда, көліктен газдың иісі шығып тұрғанын сезген. Содан кейін, оны Алматы қаласындағы техникалық жөндеу орталықтарының біріне жөндетуге апарған.


Жөндеу орталығында көліктегі газ құрылғысынан ақау табылып, ол жөнделген. Содан, 11.08.2017 жылы Есдәулетов жөнделген көлікпен көлік тұрағына қайта оралып келе жатқанда, сағат 23:50-де жол ережесін бұзған.


Департамент тиісті шаралар қабылдануы үшін, оның ішінде,


жол ережесін бұзған тұлғаны әкімшілік жауапқа тартып, оған айыппұл төлету үшін 491TRA05 нөмірлі SAMSUNG көлігін заңсыз пайдалануға қатысты деректі Алматы қаласының Ішкі Істер Департаментіне жолдады».


Қысқасы, тәркіленген көлікті емін-еркін мініп жүрген автотұрақ қызметкерлерінің айыппұл төлеп қана жазадан құтылып кеткісі бар.


Бірақ бұл жерде жол ережесін бұзудан бөлек, басқа да заң бұзушылық жатқанын прокуратура неге ескермейді? Ескерсе, неге әлі үнсіз отыр?


kaz.365info.kz




Көрілген: 995    Пікірлер: 0

жұма, 15.12.2017, 20:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31