Мәселе

Өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шыққан қазақ қызы өздерін «сатқын» деп атағандарға жауап берді

  • Өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шыққан қазақ қызы өздерін «сатқын» деп атағандарға жауап берді

    Өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шыққан қазақ қызы өздерін «сатқын» деп атағандарға жауап берді

Жақында Жәнібек Иманмәзір есімді азамат өзге ұлт өкілімен бас қосқан қазақ қызын тілдеп, жұлқылап видеоға түсірген еді. Бұл орайда шетелдік азаматқа тұрмысқа шыққан қазақ қызы, журналист әрі блогер Арайлым Әлімхан өзін «патриот» санайтын Иманмәзірге хат жазып жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz.




Өзге ұлт өкілдерінің соңынан ерген қазақ қыздарын сынаған Жәнібек Иманмәзірге Instagram желісіндегі парақшасында жауап берген журналист оның «өзге ұлт өкілін таңдаған әр қазақ қызы арсыз» деген сөздерімен келіспейтінін айтты.


«Құрметті Жәнібек мырза, сіздің ұлт үшін, “қазақ xалқы” деп әр жерден патриоттық сезіміңізді білдіріп жүргеніңіз құптарлық іс екен. Алайда, сонау үлкен басыңызбен әр қазақтың қызын шетелдікке бермеймін, өзге ұлт өкілін таңдаған әр қазақ қызы арсыз деген сөздеріңізге келіспеймін. Шет елдік жігіттің соңынан ерген қазақ қыздарының бірі мен боламын және өзімнің болашақ жарымды мақтан тұтамын. Сіздің жасыңызда жаман ұлт болмайтынын, жаман адам болатынын түсінетін уақыт келді емес пе?


Жарайды, мұны түсінбейді делік. Ал енді Заң алдыңда бұл да үлкен қателік екенін білмеп пе едіңіз? Біз көпұлтты әрі көп дінді бейбіт және зайырлы мемлекетте тұрамыз. Сіздің мына қылықтарыңыз ұлтаралық араздастыққа жатады және ашуы келген адам сіздің үстіңізден арыз жазса, ертең бір емес бірнеше баппен сотталып кетуіңіз мүмкін», – деп жазды журналист.


Сонымен қатар Арайлым Әлімхан көп әйел алуды көңілдестің санын арттырумен тең санайтынын атап өтті.


«Жә, бұған да қош делік. Күйеуге тие алмай жүрген барлық қыз-келіншекті жинап алып қайтпексіз? Бізде Заң бойынша Тоқал алуға болмайды, яғни көп әйел алушылық дегеніміз көңілдестің санын арттыру.


Егер соншалықты “намысшыл батыр” болсаңыз, қазақтың қанын құрттыңдар деген жанайқайыңызды есітісін десеңіз, басқа ұлтқа үйленетін жігіттерден бастаңыз. Неге жат жұрттық қызға тиісесіз де, басқа еркекке сөз айта алмайсыз?


Жесір, ажырасқан не балалы келіншектер шетелдікке тисе оның несі айып? Біреудің жеке өміріне қол сұғып, кейбір видеода бет жыртысудасыз? Бұл біздің Ата Заңымызға қайшы емес пе?» – деп жазды Арайлым Әлімхан.


Журналистің сөзінше, қазақ қызын сыртынан видеоға түсіріп, оны тілдеп, жұлқылау азаматтық және мұсылмандыққа қайшы. Сондай-ақ, ол кейбір имансыз қазақ жігітін емес, жүрегінде иманы бар шетелдік жігітті таңдағанын айтты.


«Керемет қазақ жігіті, намысшыл болсаңыз үлгілі азамат ретінде өзіңізді көрсетпейсіз бе? Дікен-дікен етіп, бейтаныс қызды қолыңызбен түрткеніңіз не сұмдық? Мұсылман болсаңыз ауызыңызды неге бағып сөйлемеске?


Мен ауызынан шөлмегін түсірмейтін, қатын мен бала-шағасын ұратын, қазақтың жап-жас қыздарын қорлап зорлайтын имансыз кейбір қазақтың жігітін емес, жүрегінде иманы бар шетелдік жігітті таңдадым. Барлық қазақ жаман демеймін. Сол аз ғана қазақты біріне-бірін қарсы қойып отырған сізді жаман деймін», – деп жазды ол.


Сөз соңында журналист қазақ халқының өз қыздарын алыс-жақын жатқан барлық xалықтарға ұзатып отырғанын алға тартты.


«Сіздей заң мен тариxтан еш xабары жоқ адамдар елімді артқа тартып, мемлекетіміздің өсуіне өзінің кері әсерін тигізері сөзсіз. Тоқетерім, ешқандай xалық “таза” бір ұлттан тұрмайды, қан әрдайым алмасып отырған. Сосын қазақтар өз қыздарын алыс-жақын жатқан барлық xалықтарға ұзатып отырған. Бұл мемлекеттер арасындағы достастық үшін жасалған. Түк көрмей, дым білмей өссеңіз, енді надандығыңызды бүкіл xалыққа паш етпей сабыр сақтасаңыз игі», – деп жазды журналист Арайлым Әлімхан.


Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Жәнібек Иманмәзір есімді ер адам өзге ұлт өкілдерімен көңіл жарастырған қазақ қызын тілдеп, сауалдың астына алып, мазасын алған еді.


Stan.kz



Көрілген: 1815    Пікірлер: 3

жексенбі, 04.02.2018, 11:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31