Мәселе

Пәкістанда өндірілген шай құрамында пайдалануға тыйым салынған синтетикалық бояғыштар анықталды

  • © Tengrinews.kz

    © Tengrinews.kz

Пәкістанда өндірілген шайлар құрамында пайдалануға тыйым салынған синтетикалық бояғыштар анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Қазақстанның тұтынушылық нарығында Кеден одағының "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" (021/2011 КО ТР) және "Таңбалау бөлігіндегі тамақ өнімдері" (КО ТР 022/2011) және "Тамақ қоспаларының, хош иістендіргіштер мен технологиялық қосалқы құралдардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" (КО ТР 029/2012) техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін Пәкістанда шығарылған шайдың сатылу фактісін анықтады.


"Пәкістанда өндірілген мына: "Al Barkat" ("AA Mughal General Traders" өндірілген), "Gajjal's Теа" (KPK "Gajjal's» өндірілген), "Allama" ("MTI medical Pvt" өндірілген), "Pac Tea" (Zaib-un-Nisa street Sadar Karachi өндірілген) және Allied Tea шайлар құрамында пайдалануға тыйым салынған синтетикалық бояғыштар (Солнечный закат E 110 және тартразин E102) анықталды. Бұдан басқа "Al Barkat" шайының құрамында зең нормадан 10 есе, Gajjal's Теа шайында 2-4 есе жоғары", - деп хабарлады комитеттегілер.


Сондай-ақ, Пәкістанда өндірілген шай таңбалануы бойынша сәйкес келмейді: дайындалған күні, өндірушінің атауы және орналасқан жері, EAО айналымының бірыңғай белгісі жоқ. Комитет Пәкістанда шығарылған сәйкес келмейтін шайды алу және жою, оны әкелуге және сатуға тыйым салу жөнінде уақытша санитариялық шараларды енгізу бойынша шаралар жүргізіп жатыр.

 




Көрілген: 613    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.06.2018, 16:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30