Мәселе

Перзентханада босануға дін рұқсат бермейді

  • Перзентханада босануға дін рұқсат бермейді

    Перзентханада босануға дін рұқсат бермейді

Былтыр Атырауда жүз әйел діни көзқарасы үшін өз үйлерінде босанған. Соңғы кездері Атырауда перзентханаға бармай үйде босанатындардың қатары көбейіп жатыр. Олар діни көзқарастары үшін дәрігерлердің көмегінен бас тартады екен. Бұл туралы Атырауда өткен Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің көшпелі отырысында айтылды.


Атырау облысында бала туу көрсеткіші төмендеген. Және бала мен ана өліміде. Былтырғы жылы өңірде 16 556 сәби дүниеге келген. Оның 923-і мезгілінен бұрын дүние есігін ашқан. Сондай-ақ, өңірде 15 пен 17 жас арасындағы жастардың жүктілігі жойылмай тұр. 91 жасөспірім жас ана болса, қалғаны (15 адам) түсік жасатқан.


Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысы Мәншүк АЙМЫРЗАЕВАНЫҢ айтуынша, соңғы кезде шариғатқа қайшы деп перзентханаға бармай үйде босанатындардың саны артқан. Былтыр жүз әйел өз үйлерінде сәбилі болған. Олар медициналық қызметке діни көзқарастары үшін жүгінбейді екен. Бұдан өзге облыста дәрігерлер жетіспейді.


- Біздегі көптеген медициналық жоғарғы оқу орындары жыл сайын жүздеген дәрігерлерді дайындап шығады. Алайда, медициналық қызметкерлер жетіспейді. Ол оқу орындарына қыруар қаражат жұмсалады. Біз бюджетті қабылдағанда бұның бәрін көріп отырмыз ,- дейді депутат Иван КЛИМЕНКО. Мәжілісменнің айтуынша, жастар еңбекақының аздығынан дәрігер болуға ынталы емес.


ratel.kz


 




Көрілген: 632    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 29.01.2018, 12:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28