Алаш баласы, айнаңа қара!

m.alashainasy.kz
жұма, 26.05.2017



Мәселе

Полиомиелит

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, 2010 жылдың 19 мамырында Тәжікстан Республикасында полиомиелиттің 400-дей дерегі тіркелген. Оның 13-і қайтыс болған. Зардап шеккендер – 5 жасқа дейінгі балалар. Ал Ресейде Тәжікстаннан келгендер арасында полиомиелитті бес адам жұқтырған. Дер кезінде сақтық шараларын жүргізбеген жағдайда полиомиелит ауруын кез келген бала жұқтыруы мүмкін.


Полиомиелит  аса қауіпті жұқпалы ауру болып табылады. Вирус организмге ауыз арқылы түсіп, ішекте көбейеді. Аурудың алғашқы белгілері: жоғары температура, шаршау, бас ауру, жүрек айну, мойынның құрысып ауыруы мен аяқтардың ауруы. Полиомиелиттің барлық вирустары жоғары контагиоздылығымен ерекшеленеді. Вирустар нерв жүйесін зақымдап, бірнеше сағат өткен соң адамды толық салдандыруы мүмкін.


2008 жылы осы ауру бойынша әлемнің төрт елі – Африка, Үндістан, Нигерия, Пәкістан эндемиялық сипат алған. Бұл жалпы аурудың тарихындағы ең кішкентай географиялық аудан болып отыр.


Полиовирустар қоршаған ортада жақсы сақталынады. Олар төменгі температураға, мұздатуға (барлық энтеровирустар сияқты) өте жоғары тұрақтылыққа ие. Вирустар ультрафиолеттік сәулелендіру, қарапайым дезинфектанттардың әсерінен қайнатқан кезде тез өледі.


Жұқпаның таралуының негізгі әдістерінің бірі науқаспен тікелей немесе тікелей емес қарым-қатынас (қол, бет орамалдар, киімдер, төсек–орын арқылы және т.б. жолдар арқылы) жасау болып табылады.


Полиомиелит балалар ауруы болғанымен, онымен ересектер де ауырады. Тіпті ересектерде бұл ауру ауыр болуы мүмкін. Инкубациялық кезең – 3-тен 35 тәулікке дейін. Тыныс алу немесе ас қорыту мүшелерінің қабықшасынан өтіп, вирус миға немесе жұлынға өтеді. Салдану бір аптаның ішінде байқалады, содан кейін оның жартысынан астамында, бұлшық еттердің қызметі өз қалпына келе бастайды, алайда науқастардың 1/4 шамасы полиомиелиттің салдану түріндегі мүгедек болып қалады.


Полиомиелитті емдеуге болмайды, алайда оны ескертуге болады. Полиомиелитке қарсы егу баланы өмір бойы осы аурудан аман сақтауға көмектеседі.


Иммунизация жүргізудің нәтижесінде, полиомиелитпен ауыру біршама төмендеді. Алайда бұрынғысынша сақ болған жөн. Полиомиелитке күдікті болғанда, науқас тез арада ауруханаға жатқызылып, оқшаулануы керек. Полиомиелит диагнозы расталған немесе оған күдікті науқаспен міндетті емес қарым-қатынастан алыс жүрген дұрыс.


Шамадан тыс шаршамауға және тоңбауға тырысу керек. Мұрын мен тамаққа жасалатын операцияларды күзге дейін қалдырған жөн. Сонымен қатар ластанған су қоймаларында мейілінше шомылмаған дұрыс. Су, тамақ, сүт шыбындардан өте ұқыпты қорғалуы тиіс.




Көрілген: 1233    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 09.07.2010, 08:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Мамыр, 13:54
    Кінәлі деп таныды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31