Мәселе

Полицей көлігі автожууда тұрған жүргізушіні жауапқа тартпақ болды (видео)

  • Видео кадрлары

    Видео кадрлары

Желіде автожууда тұрған көліктің иесін жауапқа тартқысы келген полицей туралы видео таралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Видео Facebook әлеуметтік желісіндегі "Аш қазақ" тобында "Фурашкасы жоқ полицей" деген атаумен жарияланды.


Видеода автокөлік жуу орталығында қызметтік көлігін жуып тұрып, өзге көліктің иесін көлегейлейтін қағазы бар деген себеппен әкімшілік жауапқа тартуға оқталған полицейді көруге болады. Қызметтік куәлігінде Қасымбек Бауыржан ретінде көрсетілген есімді полиция қызметкерінің қызметтік бас киімі жоқ екенін көруге болады. Роликтен полицейдің жанында тұрған әскери киімдегі ер адамның жүргізушіге қарай оқталып, ерегескенін де көруге болады.



Осы мәселе бойынша Tengrinews.kz редакциясы ОҚО Ішкі істер департаменті өкілдерінің пікірін білді.


Сөйтсек, қазіргі уақытта бейнежазбада көрсетілген қызметкерлердің заңсыз іс-әрекетіне ОҚО ІІД ЖПҚ қызметтік тексеру амалдарын жүргізіліп жатыр екен.


"Қызметтік тексеру жұмыстары аяқталған соң жауапты қызметкерлер ҚР Президентінің 29.12.2015 жылғы №153 Жарлығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі" және 23.11.2015 жылғы Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" заңында көрсетілген талаптарын бұзғаны үшін, сондай-ақ, құқық қорғау органына кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылатынын хабарлаймыз", - делінген ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметінің редакция сауалхатына берген жауабында.

 




Көрілген: 1174    Пікірлер: 1

жұма, 19.01.2018, 16:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31