Мәселе

Полиция автокөлік ұрыларының ісі неге сотқа жетпейтінін түсіндірді

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Алматы полициясы өткізген брифингте мегаполисте ұрлықпен айналысатын кімдер, олар қылмысы үшін неге қатаң жазаға тартылмайтыны туралы айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Құқық қорғаушылардың айтуынша, заң шығарудағы кейбір кемшіліктердің кесірінен автокөлік ұрылары жазадан оңай құтылып кетеді екен.


«Егер біз қылмыскерді ұстап, заттық айғақтарды тапсақ дереу жауап аламыз. Оны кінәлі деп тапқан соң кепілдікпен босатамыз. Немесе ешқайда шықпайтыны туралы қолхатпен жібереміз»,-деді ІІД Бөтеннің мүлкін ұрлауды әшкерелеу бөлімінің басшысы Алексей Стрельцов.


Айта кетсек, Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 19 шілде күні пышақ жарақатынан қаза болған еді. Оқиға Құрманғазы Байсейітова көшелерінің қиылысында 19 шілдеде түскі сағат 15:00 шамасында болған.


Спортшы көлігінің айнасын ұрламақ болған екі адамның үстінен түскен. Арада басталған жанжалдың салдарынан ұрылар Денис Тенге пышақ сұғып алған. Ол оң жақ санының жоғарғы тұсына жарақат алды. 25 жастағы Тен үш литр қан жоғалтып, ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілді.


Бірақ Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Серікбол Мусинов қосымша қан қажет еместігін және ресурстар жеткілікті екендігін мәлім еткен болатын. 2,5 сағатқа жалғасқан реанимациялық шараларға қарамастан, аурухана дәрігерлері оның өміріне араша түсе алмады. Сағат 17.30-да Олимпиада жүлдегері қайтыс болды.


Адам өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды.




 




Көрілген: 514    Пікірлер: 0

жұма, 20.07.2018, 21:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Желтоқсан, 14:05
    Бұл не масқара! (видео)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31