Мәселе

Полиция капитаны сыбайластарымен бірге 30 киікті қырып салған

  • © Sputnik / Вячеслав Бобков

    © Sputnik / Вячеслав Бобков

"Охотзоопром "ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны қызметкерлері киіктерді заңсыз аулау дерегін анықтады, аңшылықты ұйымдастырды деген күдікке Қарағанды облысы аудандық полиция бөлімдерінің бірінің полиция капитаны ілінген.


Қарағанды облысы Нұра ауданында браконьерлік жасалғаны туралы 25 желтоқсанда белгілі болды, деп жазады Ауыл шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook желісінде.



Аумақтағы патруль кезінде "Жанбөбек" шағын ауылынан бірнеше километр жерде табиғатты қорғау инспекторлары екі Toyota Land Cruiser көлігін байқайды. Екеуі де жүруге жарамсыз екен: біреуінің сол жақ алдыңғы дөңгелегі алынып тасталған.


Көліктердің қайдан келе жатқанын білу үшін инспекторлар ізге түсіп, даладан 18 атылған киіктің денесін тауып алады.


Браконьерлердің бірін іздеп табуға Шұбаркөл ауылдық округінің учаскелік инспекторы көмектесті. Ауылда не болып жатқанын түгел білетін тұрғындардың арқасында табиғатты қорғаушылар Алғабас ауылына жетіп, сол жерде учаскелік инспектор қызметін атқарушы полиция капитаны М. Бралиновтың сарайынан тағы 12 киіктің денесін тапқан.


Аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеулер жүргізіліп жатыр. Заңсыз аңшылыққа тағы кімдердің қатысқаны анықталады.


Sputnik


 




Көрілген: 333    Пікірлер: 0

жұма, 04.01.2019, 11:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31