Мәселе

Прокурор Сайрагүл Сауытбайды Қытайға бермеуді және сот залынан босатуды сұрады

  • © sn.kz

    © sn.kz

Алматыда Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өтті деп айыпталған Қытай азаматы Сайрагүл Сауытбайға қатысты сот отырысы өтті. Сот залында прокурор судьядан Сайрагүлді Қытай Республикасына жібермеуді және сот залынан босатуды сұрады.


Сайрагүл Сауытбай тергеу басталғалы өз кінәсін теріске шығарған емес. Бұл жолғы сот отырысында да қылмыс жасауға мәжбүр болғанын айтты. Ол бұндай қадамға кәмелет жасына толмаған 2 баласы үшін барған.


Сотта сөз алған прокурор айыпталушының ҚР ҚК-нің 55 бабы 2 бөлігі («Аса ауыр емес») қылмыс жасағанын, қылмысын толықтай мойындағанын, кәмелеттік жасқа томаған 2 баласының барын ескере отырып, судьядан оны Қытайға бермеуді және сот залынан босатуды сұрады.


Ал адвокат Абзал Құспан Халықаралық конвенцияда «мемлекет кәмелеттік жасқа толмаған балаларды ата-анасынан айырмауы тиіс» деп жазылғанын, Қытай Республикасы осы талаптарды бұзғанын атап өтті.


Прокурор, адвокат және айыпталушының сөзін тыңдаған судья кеңес бөлмесіне кетті. Сот үкім сағат 15:30-да оқылады.


Айта кетейік, Сайрагүл Сауытбай мамыр айының ортасында Қорғас кеден бекетін заңсыз бұзып өтті деген айыппен тұтқындалған болатын. 


sn.kz




Көрілген: 407    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.08.2018, 12:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31