Мәселе

"Психологтан бас тарттық": Зорланды деген 11 жасар балаға қатысты тың дерек шықты

  • "Психологтан бас тарттық": Зорланды деген 11 жасар балаға қатысты тың дерек шықты

Әжесінің үйіне қыдырып барып, қаскөй күдіктінің қолына түсіп қалған Шымкенттегі 11 жастағы жасөспірімнің қазіргі жағдайы қалай?


Түркістан облысында апта басында тағы бір балаға қорлық көрсеткен қаскөйдің әрекеті елдің есін алды. Ең сорақысы — күдіктінің балаға күш қолданған сәті камераға түсіп қалып, ол кадрлардың ел арасына тарап кетуі. Азғынның азабы аздай, елдің сөзінің онсыз да зәбір көрген балаға әсерінен қорқады жәбірленушінің жақындары. Өйткені, қатты қорқып қалған болуы керек, жасөспірім қылмыс болған кездің кейбір сәттерін ұмытып қалған."Біз психологтан бас тарттық. Өйткені, ол өзін ұрды деп қана ойлайды. Солай қалсын деп отырмыз", - дейді жәбірленушінің әжесі.


Әжесінің үйіне қыдырып келіп, осындай сұмдыққа тап болған жәбірленуші жасөспірімнің есіне бұл оқиғаны түсірмес үшін ғаламторға тарап кеткен кадрлар да жойылуы тиіс! Баланың жақындарының елге айтар өтініші осы."Жағдайы оның жаман қазіргі. Оны көшедегі балалардың өзі сұрастырып жатыр жағдайын. Саған кеше мынандай болды ғой, мына апай құтқарып қалды деп. Ол баланың өміріне қиын. Мектепке барады", - дейді жәбірленушінің туысы Айжан.


Жалпы, соңғы уақытта әлеуметтік желіде төтенше оқиғаның куәсі болғандар, істің байыбына бармай жатып, кез-келген фото, видео деректерді жариялап жіберуді жиілетті. Осы жағдайда да сол әдет. Жәбірленушінің беті көлегейленбеген күйі жарияланып жатты. Қазір құзырлы орган қызметкерлері сол видеоны таратқандарды іздеп жатыр. Кім екені анықталса, жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.




"Қылмыс болып жатқан оқиғаны бейнелейтін бейнетүсірілімдерді жариялауға заңмен тыйым салынады. Егер бейнетүсірілімде кәмелет жасқа толмағандар болса", - дейді заңгер Орынбасар тілпберген.


Бұл — мәселенің бір жағы. Шымкенттегі жасөспірімге тап берген педофил ісі — тағы бір мәселеге жіті көңіл бөлу керектігін көрсетті.


Жасөспірім жапа шекті. Педофил ұсталды. Қоғам болып даурығып жатырмыз. Әсіресе, Фэйсбук әлеуметтік желісінде азғынның әрекетіне кіжініп, өткір пікір білдіргендер көп. Мәселен, Нәзия Жоямергенқызы "Иттің құлы итақайы басынады!!! Кезінде арсыздық пен қиянатқа жол бермеген бабаларымыз. Айбыны асқақ ақсақалдарымыз қайда?! Жігіттер қайда қорғансызды қорлатпайтын?! Неге тым əлсіз, босбелбеу, бейшарамыз?!! Заң неге солқылдақ?!! Қаншама баланың тағдыры тəлкекке түсті. Әлі түсетіні анық. Неге құтыртамыз?!!", - деп пікірін білдірген.


Рас! Құтырғандарды кастрация да қорқытпай тұр. Мына сұмдық цифр дәлел:


ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы, балаларға жасалған сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеті бойынша: 2017 жылы — 124 іс, 2018 жылдың 6 айында 54 іс тіркелген. Яғни, айналасы бір жарым жылдың ішінде 170-ке жуық балақайдың балалығы бүлініп, осыншамасы қорлық көрді деген сөз. Қайтпек керек? Заңгерлер де кастрациялық жазаның жеңілдігін айтады. Заңгер Орынбасар Тілепберген, педофилдерді жазалаудың қоғамдық табалау түрін ұсынады.


"Физикалық кастрация жасаудың тиімділігі уақыт өте келе бәрібір дәлелденбейді. Өйткені, кез келген қылмысқа дене мүшесі емес, сана апарады қылмысқа. Дене мүшелері, қару, оқ дәрі қылмыс жасаудың қарулары ғана. Қоғамның назарына алып шығу керек", - дейді заңгер Орынбасар тілпберген.




Сондықтан заңгер, телеарналарға шоу бизнесті насихаттау үшін берілетін бюджеттің бір бөлігін халықтың құқықтық сауатын арттыруға арналған телеарналар ашу үшін жұмсау қажеттілігін айтады.




Педофилдердің сорақы келбетін қоғамға қалай көрсете аламыз? Прокуратура жасаған картаға қараңыз деуге де болатын еді. Алайда, басқа баппен айыпталған адамдарды жариялап жіберіп, шу болған даулы карта қазір сайттында да жоқ. Біз кешегі ғаламтор аралап кеткен видеоны көрсетпедік. Заң өз алдына, оны көруге жүрек дауаламайды.


Түсінген адамға дауысы шықпайтын кадрлардан да баланың шырқыраған үні сезіліп тұрды. Ендеше, тұнығымыз лайланса да, тұншығып отыра береміз бе?! Қашанға дейін?! 


 




Көрілген: 1817    Пікірлер: 0

жұма, 06.07.2018, 14:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31