Мәселе

Психоневрологиялық есепте тұрғандар көлік жүргізу құқынан айырылады

  • Психоневрологиялық есепте тұрғандар көлік жүргізу құқынан айырылады

    Психоневрологиялық есепте тұрғандар көлік жүргізу құқынан айырылады

Таяу уақытта жол полициясы қызметкерлері психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған тұлғалардың тізімін ала алатын болады. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеха айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


ҚР Парламенті Сенатында өткен шара барысында депутаттар эпилепсиямен ауыратын жүргізушінің елордада үш жаяу жүргіншіні қағып кеткендігін айтты және мұндай жол-көлік оиғасының алдын алу мәселесі қалай шешіліп жатқанын сұрады.


«Өткен аптада ғана Бас прокуратурамен, Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетімен жұмыс кездесуі болды. Қазіргі уақытта әкімшілік құқықбұзушылықтардың бірыңғай тізілімі жасалып жатыр. Аталған тізілім аясында Құқықтық статистика және арнайы есеп комитеті біздің базамызды біріктіруге міндеттеме алды. Яғни, біз мұндай ақпараттарды (психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған тұлғалардың тізімі) бірден алатын боламыз. Таяу уақытта Астанада сынап көреміз. Себебі, мұнда планшеттер бар. Мұнан ары үш айдың ішінде бұл мәселені шешеміз», - деді И.Лепеха.


Ал ҚР Ішкі істер вице-министрі Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, халыққа қызмет көрсету арнайы орталықтарындағы дәрігерлер жүргізуші куәлігін алу үшін анықтаманы психоневрологиялық есепте тұрғандардың тізімі бойынша береді. Дегенмен, жүргізуші анықтама алған кезде сау болғанымен кейіннен есепке алып та жатады. Мәселен, өткен жылы психоневрологиялық есепте тұрған 60 жүргізуші ұсталып, олардан жүргізуші куәлігі тәркіленген. 




Көрілген: 418    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 21.02.2018, 10:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30