Мәселе

Режиссер Қанат Бейсекеев Иранда не себепті ұсталғанын айтты

  • Фото: facebook.com/beisekeyev

    Фото: facebook.com/beisekeyev

Қазақстандық режиссер Қанат Бейсекеев Иранда ұсталуы жайлы оқиғаның мән-жайын айтып берді , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Бізді әуежайда багаждағы коптерді көре салып тоқтатты. Мені және Нұрсұлтанды полиция бөлімшесіне тергеуге алып кетті. Әділетті біз "чекин" жасауға жібергеніміз ол үшін сәтті оралып, заттарын тәркілеуден аман өтіп кетті" , - деп жазды Қанат.


"Нұрсұлтанмен мені үш сағат аясында тергеді. Полиция бөлімшедегілер бір шешімге келе алмай, ұзақ ойланды. Бізді бәрібір де жібереді дегенге сеніп, тыныштық сақтадық. Бөлімшеде ағылшын тілінде сөйлеп, түсінетіндер санаулы ғана болды. Әуе компаниясының қызметкерлері келіп, бізге аудармамен көмектесті. Ұшу сағаты жақындаған сайын қорқыныш артты. Бізден коптерді алып, жібергеннен кейін ұшуға жарты-ақ сағат қалды. Гейтке жақындай бергенімізде бізді полициядан бөлек - ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері күтіп тұрды. Бізді қайтадан бөлімшеге апарып, сөмкелерімізді ақтарып, дөрекі түрде тергей бастады. Сөмкемізде қымбат Macbook Pro, айпад және т.б құнды аппараттар болды. Олар коптер, компьютер, флешка бәрін тәркіледі..." , - деді ол.


"Багаждан менің түсірілім аппаратымды, түсірілген материалдар бар дискімді, дауыс аппаратын және сүйікті шортымды шығара бастады. Оны тіпті Иранда киіп үлгермедім. Таныс емес, бірақ жерлес болған соң бір азаматтың сұрауын орындаған болатынмын. Заттарды тексере бастағанда "Ішінде не бар екен?" деп әбден басым қатты. Өзі Иранда жұмыс істейді, Алматыдағы туысқандарына құжаттарды беріп жіберген болатын. Біз оның ішінде не бар екен деп қарамаппыз да тіпті. Сөмкемізідің ішін тексере бастағанда сол пакет есіме түсіп, жүрегім аузыма тығылды. "Ішінде не бар?" деп дөрекі сұрағанда "Бірге ашып көрейік!" дедім. Сөйтсек ішінде бір уыс доллар ақшасы. Жерлесімнің маңдай терімен тапқан ақшасын қазір "Тәркілей ме екен?" деп қатты қорықтым. Бірақ ирандықтар бізге ақшаны қайтарып берді. Тіпті ақшаға қол ұшын тигізген жоқ. Өкінішке қарай, техникамыз бен материалдар бар дискілерімізді, багажды, коптерді алып қалды. Бірақ ұшақта тыныш қана, сабыр сақтап Әділет - деген досымыз отырды. Соның сөмкесінде түсірілген материалдардың көшірмесі сақтаулы тұрды...", - деді режиссер.


Еске салайық мұның алдында PR-маман Әлішер Елікбаев Иранда деректі кино түсіріп жүрген қазақстандық режиссер, сценарист әрі оператор Қанат Бейсекеевтің ұсталғанын хабарлаған еді. Кейін ҚР СІМ Иранда жүрген Қанат Бейсекеевтің жағдайына қатысты пікір білдірді.




 




Көрілген: 577    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.06.2018, 14:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Қараша, 11:42
    Ерекше құдалық (ВИДЕО)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30