Мәселе

Ресейде 72 адам мінген ұшақ апатқа ұшырады

  • Ресейде 72 адам мінген ұшақ апатқа ұшырады

    Ресейде 72 адам мінген ұшақ апатқа ұшырады

Мәскеу түбіндегі Раменск ауданында 72 адам мінген жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады деп хабарлайды Риа Новости порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Хабарлама куәгерлерден келіп түскен.


Төтенше жағдайлар комитетіндегі дереккөздің хабарлауынша, Саратов әуе компаниясының «Ан-148» ұшағы Мәскеудің «Домодедово» әуежайынан ұшып шығыпты.


Әуе кемесінің бортында 65 жолаушы мен экипаждың алты мүшесі бар. Әуежайдан ұшып кеткеннен кейін екі минуттан соң ұшақ радардан жоғалған.


Кейінірек дереккөздер құлаған ұшақтың табылғанын хабарлады.


«Ұшақ Раменск ауданында жатыр, құтқарушылар әлі жеткен жоқ», - деді агенттік өкілі. Оның айтуынша, лайнер ауадан көрінген.

Ұшақтардың қозғалысын қадағалайтын Flightradar24 порталының мәліметінше, сағат 14:26-дан кейін Ан-148 жылдамдығы күрт түсіп кеткен.


Зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы мәлімет әзірге жоқ. 




Көрілген: 634    Пікірлер: 0

жексенбі, 11.02.2018, 20:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31