Мәселе

Республикалық жолдарда көлікті жаппай тоқтатуға тыйым салынады

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Парламент Мәжілісінің депутаттары көлік мәселелері бойынша кейбір заңнамалық өзгерістерді талқылауға кірісті. Соның ішінде республикалық жолдарда көлік құралдарын жаппай тоқтату тәжірибесіне тыйым салу мәселесі де бар, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаевтың айтуынша, көлікті тоқтатудың нақты себептерін енгізу жоспарланған. Атап айтқанда, автоматтандарылған жүйеде тіркелген заңбұзушылықтар болса, көлікті тоқтатуға рұқсат беріледі.


Бұдан бөлек, көлік құралы тіркеусіз жүрсе, сондай-ақ, арнайы шаралар кезінде автомобильдер жаппай тоқтатылады. Министрлік шетелдік көлік құралдарын тоқтату тәжірибесін де қалдыруды ұсынып отыр.


«Осы тәртіптің арқасында 100 мың ауыр жүк көлігін тоқтатуды қысқартып, жүк тасымалдау жылдамдығын арттыруға болады. Әрине, сыбайлас жемқорлық әрекеттері де азаяды», - деді Т.Тоқтабаев Мәжілісте заң жобасын таныстыру кезінде.


Оның айтуынша, ақпараттық жүйелерді автоматтандырылған өлшеу құралдарымен интеграциялаудың арқасында барлық мәліметтерді алдын ала тіркеп отыруға мүмкіндік бар. Теxникалық тексеріс, төленбеген айыппұлдар, рұқсат қағаздардың бар-жоғы - осының бәрін бірден алып, көлік құралдарын кідіріссіз өткізуге болады.


 




Көрілген: 509    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 12.09.2018, 19:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30