Сәбиінің ұл екенін дәлелдей алмай жүр

Сәбиінің ұл екенін дәлелдей алмай жүр

Сұмдығы сол...

Құлақ естіп, көз көрмеген жағдай жиілеп кеткендей ме, қалай?! Әйтпесе, о заманда бұ заман не ұл емес, не қыз емес болып туылатын нәресте болатынын кім білген... Жә, зәреңізді алуды мақсат тұтып отырғанымыз жоқ. Біздің айтпағымыз ұл баланы қыз деп жазған мамандардың қателігін түзете алмай, баласының ұл екенін дәлелдей алмай жүрген ата-ананың зары. Мәселенің мән-жайын тарқатып айтар болсақ былай:

Ордабасы ауданы, Темірлан ауылында тұратын Сәуле Елбасиева барша жүкті келіншектер сияқты медицианалық тексеруден өтіп, тиісті анализдерін тапсырып-ақ жүреді. Тағы бір сондай тексерістің қорытындысы бойынша дәрігерлер оның құрсағындағы сәбидің жүрегінде ақау барын анықтайды. Анықтай сала, лажы болса түсік жасатуы керектігін ескертеді. Шаранасынан айрылғысы келмеген, оның үстіне жергілікті дәрігерлерге деген сенімі азайған келіншек облыс орталығына тартып отырады. Мұндағы дәрігерлер де құрсақтағы құйтақандай шарананың денсаулығында кінәрат барын алға тартады. Жақсылықтан үмітін үзбеген ана медицинаның мүмкіншіліктері артып, дамыған заманда әлі де болса баласын аман алып қалудың, туылған соң да ем-дом жасап кінәратты жоюға болатынынан дәметіп Астанаға аттанады. Бар үміті Елордадағы «Ана мен бала орталығында» білікті дәрігерлерге тексерілу.

Бекер үміттенбепті. Мұндағы білікті дәрігерлер Оңтүстіктегі әріптестері тапқан ақауды таппай дал болады. Әрі-бері тексеру жүргізіп, анықтау жұмыстарынан соң астаналық дәрігерлер «босана беріңіз, сәбидің денсаулығынан ешқандай ақау көріп тұрғанымыз жоқ» деп шығарып салады.

Алайда, айтқандарынан қайтпаған жергілікті дәрігерлер «балаңды ертерек алдырт» деп облыс орталығындағы №1 перинаталдақ орталылыққа жібереді. Осы бір әрі-бергі сабылыс пен алдырт-алдыртпа деген екіұдай ой шырмауымен арпалысып жүрген келіншек ақыры жүктіліктің 6,5 айында мерзімінен бұрын босанады. Бал шала туылғанмен жарық дүниені көрер қызығы бар екен, тірі туылғанына мәз мәйрам болған, ата-ана алда тағы бір сабылыстың күтіп тұрғанын аңғармайды да.

-Шала тусам да баламның аман туылғанына қатты қуандым. Дәрігерлер балаңда ешқандай ақау жоқ, уайымдама деді. Баламды көрдім. Түнде босандымю Күйеуім мен енем бала өлі туылды деп ойлап, таңертең денесін әкетуге келген екен. Баланың аман-есен екендігін естігенде қуанып кетті. Бірақ, тіркеу құжатына «неизвестный пол» деп жазып қойыпты. Осыны білгенде шок болдым. Дегенмен, шала тусам да адам боп кететінінен үмітімді үзбедім,-дейді Сәуле ЕЛБАСИЕВА облыстық NAR-TV телеарнасына берген сұхбатында.

Сәбидің ата-анасы үшін нәрестеге ұлдың есімін беру талқыға түспейді. Олар сәбидің ұл екендігіне күмәнданбайды да. Алайда, жынысын анықтай алмаған жергілікті перзентхана дәрігерлерінің шешімін басшылыққа алған Ордабасы аудандық әділет бөлімі сәбидің туу туралы куәлігіне қыз, Айару деп есімін жазады ақыры. Ұл екенін сол заматта дәлелдей алмаған ата-ана лажсыздан келіскен. Ал, уақыт өте келе, сәбидің әшубайы білініп, жынысы ер баланыкі екені байқалған. Сырт келбеті ұлдыкіне келіңкірей бастайды. Ұл баладан үмітті ата-ананың дәлелдейміз деген мақсаттары қайта бас көтереді. Тағы да сабылыс басталған.

Айтпақшы, бастапқыда жүрек ақауы бар деп қорытынды жасаған дәрігерлердің қателескені мәлім болыпты. Сәбиде жүрек ақауы табылмаған. Бұл аз десеңіз, генетикалық сараптама нәтижесінде оның ұл екендігі дәлелденген. Алматыдағы республикалық «Ақсай» балалар ауруханасындағы дәрігерлер баланың еркек жынысты екенін анықтап, еркек жынысты мүшесінің ертерек дамуы үшін баланың жасы 1-ге толғанға дейін ота жасау қажеттігін айтқан.

- Тексерген мамандар жұмыртқасы қуықта тұр деді. Әлі кішкентай, уақыт өте келе төмен қарай салбырап түсе береді деді. Жасы бірге толғанда алып келіңіздер, ота жасау қажет деген. Алайда Алматыға қайта апаруымыз үшін туу туралы куәлігін түзетуіміз қажет екен. Баланың ұл екені туралы заключение берді. Соны осында әкеліп едім, жарамайды деп отыр. Алматы метрикені ауыстыр дейді, ал бұл жақтағылар баланы ауыстыр дейді. Басымыз қатып кетті, қазір баланың жасы 1бір жарымға келді. Біз әуре-сарсаңмен жүргенде ота жасау уақыты өтіп бара жатыр,-деп қамығады Сәуле ЕЛБАСИЕВА.

Айару ма, әлде Айсүндет пе? Ордабасылық ананың бас ауруына айналға бұл сұраққа нақты жауап табылғалы қашан. Тек тиісті органдардың енжарлығынан Темірлан ауылының тұрғыны Сәуле Елбасиева дүниеге ұл әкелгенін дәлелдей алмай жүр. Аудандық АХАТ бөлімінің мамандарының тауылмайтын сылтауынан дер кезінде жасалуы керек ота сағызша созып келеді. Жыныс мүшелері толық жетілместен, шала туылған балаға перзентханада берілген құжатта «қыз» деп жазылғандықтан, туу туралы күәлігіне де сол жазу түскен.

Ал АХАТ секторының меңгерушісі Бақыткүл Көлібаева туу туралы куәліктегі жынысы туралы жазбаны өзгерту үшін ең алдымен балаға ота жасалуы қажеттігін алға тартады.Сосын барып, соның негізінде медициналық қорытынды жасалып, сотттың шешімі шығуы керек. Аты-жөнімен тегі сонда барып ауысады.

Облыстық NAR-TV телеарнасына берген сұхбатында сала маманы былай деп түсіндіреді.

-- ҚР Неке және отбасы туралы кодексінде нақты жазылған. Жынысты хирургиялық жолмен ауыстырған кезде, өзінің таңдаған жынысына сәйкес, атын, тегін, әкесінің атын өзгертеді тіркеуші органдар. ..Жынысын өзгерту үшін медициналық қорытынды болу қажет. Медициналық қорытынды ерден әйелге ме, әйелден ерге хирургиялық жолмен жасалып, нақты қортындысы берілуі керек,-дейді Ордабасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің АХАТ секторының меңгерушісі Бақыткүл Көлібаева.

«Жақсы жаңалықтан үміттіміз» деген ата-ана ұлдарының құжатын түзетуден шаршамайтындықтарын танытып әлі жүр. Бүгінде облыстың бас хирургы тарапынан Айарудың ұл екені расталып медициналық шешім шығарылған. Генетиктердің де жоғарыда айтылғандай шешімі бар.

Ал бүгін Айару болып жүрген, ертең Айсүндет болғалы отырған балақайдың ересектердің сабылысы мен әуре-сарсанынан еш хабары жоқ. Құлдыраңдап ойнап жүр.

Дегенмен «ұл тудым» деп дәлелдерін алға қанша рет тартса да бейкүнә сәбидің болашағын бір жапырақ қағазға тәуелді етіп қойған сала мамандарының әуре-сарсаңға салғанына ата-ананың қапагершілігі басылар емес.

Жалпы Оңтүсік Қазақстан облысында мұндай жағдай жиі белең алатындай. Дәл осындай жағдай соңғы рет 2009 жылы Шардара ауданында тіркелгенін айтады білетіндер. Ол кезде әйел азамат ота жасату арқылы тегі мен жынысын ерге ауыстырған екен.

Не десек те кішкентай Айарудың Айсүндетке айналатын күні алыс емес. Енді облыстың бас хирургы берген анықтаманы негізге ала отырып, сот арқылы өз баласының ұл екенін дәлелдеп, туу туралы куәлігін түзетсе, Алматыға барып, ота жасау да мүмкін болмақ.

rgmedia.kz 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста