Мәселе

Сақал қою мен қара жамылуды қолдайтындар қауіпсіздік қызметіне өтініш жазуда

  • Суретті Аймұрат Дәрібаев түсірген

    Суретті Аймұрат Дәрібаев түсірген

Бұдан бір жыл бұрын Ақтөбеде тал түсте бейбіт тұрғындарды қырып, қару дүкендеріне шабуыл жасалғаны мәлім. Әскери бөлімшеге еркін кіргендер үш бірдей әскери қызметкерді жайратып, бірнеше жауынгерді жаралаған болатын. Сол адасқан топқа ерген сақалды жастардың санын көбейтпеуге күш салған мамандар Ақтөбеде жиналды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.


Бүгін Ақтөбеге парламент мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин мәжіліс депутаттарын бастап келді. Терроризм мен діни экстремизмнің профилактикасы және олардың алдын алуды күшейту мәселелері туралы көшпелі отырысы өтті.


«Қазіргі уақытта өте сақ болуымыз керек. Әлемде түрлі қауіптер болып жатыр. Соның бірі - терроризм мен экстремизм мәселесі. Ол тілге, ұлтқа қарамайды. Өткен жылы бұл жағдай Актөбеде тіркелді. Бұл қанды оқиғадан сабақ алуымыз керек. Осы жағдайды болдырмау үшін бірігіп жұмыс жасауға тиіспіз. Жастар арасындағы тәрбие жұмыстарын қолға алуымыз керек», - деді парламент мәжілісінің депутаты Нұрлан Нығматулин.



Ол терроризмге қатысты қауіптің ғаламтордан келіп жатқанын, ақпараттық үгіттің ушығып тұрғанын айтты.


Қауіпсіздік қызметі терроризм мәселесі өршіп кеткенін мойындады.


Сақал мен қара киім мәселесіне қатысты қауіпсіздік қызметіне өтініш айтып жатқандар бар. Өтініш қолдаушылардан түсуі мүмкін. Бұл туралы қауіпсіздік комитетінің төрағасы Әшімовтың өзі хабарлады.


«Ақтөбеге сапарымыздың себебі жоқ емес. Өткен жылы тіркелген теракт оқиғасына бір жыл толады. Қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, алдын алу жұмыстары жүргізіледі. Тероризммен күресте кешенділікті қамтамасыз етуге жұмыстар жасалады.


Профилактикалық алдын алу жұмыстарына басымдық беріледі. Өршіп кеткен проблеманы шешкеннен гөрі оның алдын алу керек. Сол мәселе жиында талқыланатын болады. Киімге қатысты мәселені талқылаймыз. Киімге, сырт пішінге қатысты түсіп жатқан өтініштер бар.


Барлығы ақылдасып, анықталатын болады», - дейді халықаралық қорғаныс істер және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев. 




Көрілген: 542    Пікірлер: 0

жұма, 19.05.2017, 14:55

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30