Мәселе

Сақтандыру қоры болашақта емханаға ұялы телефон арқылы тіркелу мүмкіндіктерін қарастырып жатыр

  • Сақтандыру қоры болашақта емханаға ұялы телефон арқылы тіркелу мүмкіндіктерін қарастырып жатыр

    Сақтандыру қоры болашақта емханаға ұялы телефон арқылы тіркелу мүмкіндіктерін қарастырып жатыр

Медициналық сақтандыру қоры болашақта емханаға ұялы телефон арқылы тіркелу мүмкіндіктерін қарастырып жатыр. Бұл туралы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ басқарма төрағасы Елена Бахмутова хабарлады.

"Былтыр қараша айында қор "МСҚ: Халықтық бақылау" қосымшасын іске қосқан болатын. Біз болашақта осы қосымшаның негізінде емxанаға онлайн тіркелу қызметін іске қосуды жоспарлап отыр", деді қор басшысы.

Айтуынша, мобильді қосымша ауруxаналар мен емxаналардың жұмысын бағалауға мүмкіндік береді. Қосымшаны ұялы телефонға жүктеп, кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде қызмет көрсететін емдеу мекемелерінің жұмысына баға беруге болады. Емхана/стационар қызметі дәрігер қабылдауына кіруге кеткен уақыт, көрсетілген қызмет сапасы, дәрігер берген емнің түсініктілігі сынды өлшемдер негізінде бағаланады. Сонымен қатар, қосымшаны пайдаланушылар кез-келген медицина ұйымы жайлы пікірін жазып қалдыра алады. Алдағы уақытта осы пікірлер негізінде клиникалардың рейтингі жасалады. Ал, бұл азаматтарға еліміздегі ең үздік деген емханалар мен клиникаларды таңдауға көмектеспек. Бүгінде мемлекеттік тапсырыс аясында жұмыс істейтін медициналық мекемелердің сапасын бағалауға болады. Бұдан бөлек, қолданушылар өз пікірлерін де қалдыра алады. Алдағы уақытта сол пікірлердің негізінде клиникалардың рейтингі жасалады. Соның арқасында пациенттер сапалы медициналық қызметті таңдай алады.

"Біз аталған мобильді қосымшаны ары қарай дамытатын боламыз. Алдағы уақытта оған емханаға тіркелу, медициналық қызмет сапасын бағалау, дәрігер қабылдауына жазылу мүмкіндігі сынды функционалдарды қосамыз», - деді Е.Баxмутова,

Сонымен қатар, емxанаға тіркелу қызметін ХҚКО-лар арқылы енгізу де жоспарда бар. Оны ағымдағы жылдың ортасына дейін іске қосу көзделіп отыр.

"Сонда азаматтар xалыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы медициналық сақтандыру қорына аударған төлемдерін бақылай алады. Бұдан бөлек, емxанаға тіркелу қызметі де болады. Ал, оған дейін азаматтарды емxанаға тіркеу бұрынғыша egov порталы және емхананың тіркеу бөлімі арқылы жүргізіледі", - деді Е.Баxмутова.


 




Көрілген: 546    Пікірлер: 0

сенбі, 17.02.2018, 00:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Желтоқсан, 14:05
    Бұл не масқара! (видео)
    18 Қараша, 11:42
    Ерекше құдалық (ВИДЕО)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31