Мәселе

Сапарбаев Ақтөбедегі ерекше оқушыға батасын берді (фото)

  • Фото: NUR.KZ

    Фото: NUR.KZ

Ақтөбе қаласындағы № 28 мектептің 11 сынып оқушысы Нарқыз Исимованы облыс әкімі үйіне құттықтап барды. Бердібек Сапарбаев үйден оқитын ерекше оқушыға ноутбук пен караоке микрофон сыйлаған деп хабарлайды   NUR.KZ тілшісі.


Үйден оқыса да, үздік оқушы саналатын Нарқыз әртүрлі жарыстардың жеңімпазы. Денсаулығындағы қиындықтарға қарамай қоғамдық өмірге белсене араласатын оқушыға өңір басшысы батасын берген.


"Айналайын, ең бастысы - оқу. Заңгер боламын десең, талабың оң болсын. Мен ойлаймын, әрі қарай да Алла саған көмектеседі", - деді Бердібек Сапарбаев.


Нарқыз Исимова денсаулығына байланысты 11 сыныпты үйден оқып жүр. Ахондроплазия диагнозымен ота жасатқан. Қолдары операциядан кейін әлсіз.



Нарқыздың әкесі зейнеткер болса, анасы медбике болып жұмыс істейді. Нарқыз олардың жалғыз балалары. Әкесі қызының емі үшін несие алып, ота жасатқан.


"Нарқыз біздің ең сүйкімді, пысық оқушымыз. Ата-анасы баласына барлық жағдайын жасап отыр. Әкесі несие алып, Украинада ота жасатты. Мектеп тарапынан да балаға барлық көмек көрсетіліп жатыр. Класындағы құрбыларымен жиі араласып тұрады. Қоғамдық шараларға белсене араласатын Нарқызымызды құрбылары да жақсы көреді", - дейді №28 мектеп директоры Айгүл Баймағамбетова. 




Көрілген: 337    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 02.01.2019, 20:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Қаңтар, 11:02
    Мені өлтірмеші, мама!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31