Мәселе

Сапарбаев жігіттерді сабап жүрген қыздар үшін ұялатынын айтты (фото)

  • © NUR.KZ

    © NUR.KZ

Ақтөбе облысының əкімі Бердібек Сапарбаев жастар мəселесіне қатысты кеңес отырысын өткізді. Əкім жастар мəселесіне жауапты мамандарды сынап тастады деп хабарлайды NUR.KZ.


Ақтөбе облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бұлбұл Елеусізовадан бастап сөз естіген мамандар əкім алдында жауап бере алмай састы.


"Жастар түнгі клубтарға барады, төбелеседі. Қыздар қыздармен төбелеседі, одан қалды қыздар жігіттерді сабайды. Бұл шын, кейінгі кездері солай болып барады. Ұят нəрсе! Неге мұны зерттемейміз, неге қарамаймыз?! Ата-аналарымен жұмыс істеу керек.


Олардың көпшілігі колледж студенттері. Ана жақтағы бейшара əке-шешесі менің балам оқып, қатырып жатыр деп ойлайды. Олар қызының түнімен түнгі клубта жүргенін қайдан білсін?! Жастар комитеті не үшін құрылады?


Жасалған жұмыста нəтиже болу керек. Мен нəтижемен бағалаймын. Жастар арасындағы қылмыс 43 пайызға көбейген, үш адамның өлімі бар. Осының бəріне бақылау жоқ, тəртіп жоқ", - дейді Ақтөбе облысының əкімі Бердібек Сапарбаев.


Əкім төбелеске құмар жастарды қамауды сұрады.


"Мен полицияға айттым, төбелесетіндердің бəрін қамау керек. Ең кемі 15 күн отырсын. Əке-шешесін шақырту керек. Содан кейін əке-шешесінің атын баспасөзге шығару керек. Сол кезде тəртіп болады. Ата-ана өз баласының, қоғамның алдындағы жауапкершілікті сезіну керек. Сынауға бəрі шебер... Маған құр есеп керек емес", - деді Сапарбаев.


Əкім облыстың бас идеологына нəтижемен жұмыс істеуді тапсырды. 




Көрілген: 562    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.12.2017, 21:11

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30