Мәселе

Сапасыз жолдар мен қаусаған баспаналардан шаршадық

  • Сапасыз жолдар мен қаусаған баспаналардан шаршадық

    Сапасыз жолдар мен қаусаған баспаналардан шаршадық

Қазақстан өзінің Тәуелсіздігін алғалы 27 жылға аяқ басыпты. 27 жыл дегеніңіз екі мүшелден асып, үшінші мүшелге жақындау деген сөз. Қазақ халқы көп нәрсені мүшелмен есептеп, соның ішінде 13-те отау иесі деп бағалаған. Мұнымен не демекші демексіздер ме? Иә, тәуелсіздік алғалы ең болмаса он екі-он үш жылдан кейін салына, жасала, құрыла бастаған, жалпы, жасалынған жұмыстардың сапасы жайында айтпақшымын. 


Біздің елімізде 27 жылдан бері қалалардағы, ауылдар мен елді мекендердегі, ең ұяттысы Астана және Алматы секілді бас қалалардың ішіндегі жолдардың нашарлығы менің жанымды жегідей жейді. Әр жыл сайын қыруар қаржы бөлінеді. Сол қаржыны тиімді қолданып, сапалы жол салудың орнына келесі жылы қайтадан қаржы бөлдіріп, мемлекеттің бюджетіне қол салады. Ол қаражат қайдан келеді? Ол – мемлекеттік мекемелер мен шағын бизнестерде еңбек етіп жатқан халықтан алынған салықтар нәтижесінде жиналған ақша немесе өзге қалталы елдің берген қарызы.

Негізінде қарыз алу, заманауи тілмен айтқанда инвестиция тарту – мемлекеттің экономикасына кейде оң әсер етеді. Егер ол қаржыны дұрыс жерге, дұрыс қолданып, пайда көзін таба алсақ. Ал, қарызға алған ақшаны өзара бөлісіп, құлқын мен қарынның мүддесіне жұмсар болсақ, міне, сорымыздың сорпасы қайнады деген – осы. Меніңше, жол салу жұмыстарында осы жағы айқын көрінеді. Кейбір жолдардың еніне кету керек материалдан жымқырып тап-тар жол салынса, кейбірі бір қыс өтпей мүжілген сүйектей жырым-жырым халге түседі. Кей жолдар ойдым-ойдым болғаны соншалық жүріп бара жатқан көліктер «ламбада» биін билеп бара жатқандай әсер қалдырады. Темір болса да көлікке жаның ашиды, оның жүргізушісі де көлігінің қаншалықты зарар шегетінін ойлап іші қан жылап бара жатады.

Келесі бір келеңсіз, көңіл көшін кемсітетін тақырып – жаңадан салынған «қолжетімді» баспаналардың сапасы. Басында айтып өткенімдей, екі мүшел ол екі адамның жасы. Сондай жылдарға қарызға берілетін үйлердің қымбаттығына қарамай, сапасының сын көтермейтіндігі. Қабырғалары сөгіліп, «өкпе-қолқасы» ажырап жатқан жап-жаңа көпқабатты үйлерді көріп, оған бәленбай қаржысын салған қарапайым халықты көріп, не күлеріңді, не жыларыңды білмей дал боласың.

Бала-шағасымен бақыттың базарында балқып, өз баспанамда қуанышым мен қиыншылығымды бірге көрермін деген жанұялар жемей-ішпей жинаған қаржысын көкке суырғандай күй кешеді. Осы жерде, тағы бір жағдайға көңіл бөлулеріңізді сұрар ем. Мемлекеттік бағдарламалармен баспана берерде халыққа алдымен 20, 30, 50 пайыздық алғашқы төлемақы салдырады. Осы да дұрыс емес, мүлде. Өз еліңнің азаматтары болған соң ешқандай алдын-ала төлемақысыз беру керек. Себебі, көптеген отбасылар ондай қаражат жинай алмайды. Жинағанының киетін кебі – сапасыз үйлердің сергелдеңіне сүріну. Одан да ешқандай алдын-ала төлемақысыз, тек ай сайын 15-20 жыл көлемінде төлеп бітіретіндей етіп жасап берген дұрыс деп ойлаймын.

Менің жоғарыдағы көтерген екі мәселеме сіз не дейсіз, құрметті оқырман?


 


Самал Бейбітқызы АСҚАР,

11-сынып оқушысы




Көрілген: 664    Пікірлер: 0

жұма, 18.05.2018, 10:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Желтоқсан, 14:05
    Бұл не масқара! (видео)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31