Мәселе

Сары әулие туған қызының пәктігін тексерген

  • © КТК

    © КТК

Ел арасында Сары әулие атанып кеткен Марат қажы Есенбаев өзінің туған қызының пәктігін тексерген. Ол тікелей эфирде өз перзентінің жезөкшелікпен айналысқанын жайып салды деп мәлімдейді Stan.kz-ке сілтеме жасаған 365info.kz.


Марат қажының қызы тележүргізуші Мақпал Қаратайқызына жазған хатында болған жайтты былай деп баяндаған:


“9-сыныпта оқып жүріп біз Алматыға көштік. Бір күні ол маған шалбар киюге тыйым салды, мектепке тек қана ұзын етекті белдемше киіп баруға рұқсат берді. Баламыз ғой, қатты мән бермедім.


Бір күні ол менің қолымды ыстық үтікпен күйдірді. Менде үшінші деңгейлі күйік болды. Сонымен қатар, 9-сыныпта оқып жүрген кезде әкем қасындағы әйелдермен бірге менің пәктігімді тексермекші болды.


Ол менің белімнен ұстап тұрды, ал медицинадан хабары жоқ екі әйел екі аяқты екі жаққа асып, бірнәрсе тексергендей болды”.


Марат қажы бұл оқиғаны растады. Айтуынша, қызы Бақытгүл өзінің жезөкше екенін мойындап, ел алдына шығып кешірім сұраған. Бүгінде Сары әулие қызымен араласпайды. Сырттай Аллаға тапсырып қойдым, дейді.


“Өзім ауруларын емдедім, лас ауруларды емдететін жерге де Бақытгүлді апарып тастадым. Ол кезде мектеп қабырғасында оқитын, 10-сынып.


Сырттай жақсы көремін, сырттай Аллаға аманаттаймын. Бірақ менің көзқарасым таза ислами. Егер арабстанда болсақ, осындай сұхбат болмас еді.


Оны сіз де таспен ұрып өлтірер едіңіз, барлық әке-шеше солай таспен ұрып өлтіреді. Біз зайырлы мемлекеттеміз, мен ондайды істемеймін. Тек қана Алла Тағаланың алдына барған уақытта, қиямет қайым күні менен әке ретінде сұраған уақытта, мен адал тәрбие бердім, бірақ ала алмады деп айтамын”, – деп мәлімдеді ол. 




Көрілген: 4619    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.10.2018, 18:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Желтоқсан, 14:05
    Бұл не масқара! (видео)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31