Мәселе

Сарыағашта мектеп директоры мұғалімді кабинетіне қамап соққыға жыққан (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Сарыағашта мектеп директоры қол астындағы мұғалімді ұрып жіберген. Білім ұясының басшысы мектепте кабинеттің есігін құлыптап қойып, ұзтазды соққыға жығыпты. Соқының салдарынан мұғалім есінен танып қалған деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі.


Бұл сұмдық жағдай Сарыағаш ауданы, Махамбет Өтемісұлы атындағы №52 жалпы орта мектебінде болған. Оқушыны тәрбилейтін білім ұясындағы қызметкерлер тәрбиесіз қылық көрсетіп, жұрттың жағасын ұстатты.


Мектеп директоры мен ұстаздар арасындағы дауға жаңа орынбасардың жұмысқа келуі себеп болған. Директор қоластындағы ұзтаздарға өзінің жаңа орынбасарын таныстырған. Ал, ұстаздар қауымы болса, орынбасарлық қызметке келген азаматты мектеп директорының туысы деп қарсы шыққан. Сөйтіп, мұғалімдер бірігіп басшысына қарсы арыз жазады. Мұны байқап қойған директор арызды көрсетуін талап етіп, қол астындағы қызметкерлерге қоқан лоқы көрсетіпті. Мектеп басшысы кабинеттің есігін жауып қойып, өзіне қарсы шыққан мұғалімді ұрып жібереді.


"Хатшылар кабинетінде арыз жазып отырған едім. Директор Әділ ағай келіп не істеп жатсыңдар деді? Біз арыз жазып жатқанымызды айттық. Сосын ағай бірден қолымыздағы қағазға жабысып, жабылып кетті. Сосын есікті жауып шығармай қойды. Мен есікті ашыңыз деп жақындаған кезімде мені ұрып, ұшырып жіберді. Мен талып қалдым дейді" -басшысынан зәбір көрген мұғалім Майра Момынқұлова.


Директордан таяқ жеген мұғалімді көрген әріптестері көмекке полицияны шақыртады. Сондай-ақ басшысынан таяқ жеген азаматша аудандық прокуратураға да арызданыпты.


Ал, мұғалімге қол көтерген директор Әділ Исаевтың өзі бұл ақпаратты теріске шығарды. Айтуынша, қоластындағы қызметкерлерге былай тұрсын: "Әйеліме де қол көтермеймін" деп ақталды. Мұғалімнің қолындағы арызды талап етуіне бірнеше жағдай себеп болыпты. Өйткені хатшы кабинетінде отырған мұғалімдер мектепке қажетті құжаттарға қол тигізді деп күдіктенген.


Айта кетейік, Сарыағаш ауданындағы №52 мектебінде директор мен мұғалімдер арасындағы бұл алғашқы дау емес. Білім ұясындағы ұзтаздар мұның алдында басшысын жемқор деп айыптаған еді. Өйткені білім ұясында ұзтаздардан еш себепсіз үнемі ақша жиналады екен. Бір топ ұстаздар директордың сорақы әрекетін әшкерлеу үшін талай есікті тоздырған.


 




Көрілген: 1740    Пікірлер: 0

сенбі, 23.12.2017, 11:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31