Мәселе

Сайрагүл Сауытбай: Қатты қиналғанда қолымдағы "Алла" жазуы анық көрініп тұрады

  • © Sputnik / Айгерім Таубай

    © Sputnik / Айгерім Таубай

1 тамыз күні бостандыққа шыққан қандасымыз Сайрагүл Сауытбай фейсбукте тікелей эфирде сұқбат беріп, біраз сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Қандасымызбен сұқбатты белгілі журналист Сәуле Әбілдаханқызы ұйымдастырды. Әңгіме барысында Сайрагүл Сауытбай оң қолындағы "Алла" деген жазуы туралы айтты.


"Алла" жазуы қиналғанда анық көрінеді


"Анам бұл жазу туған кезден бар деп айтып отыратын. Бала сүйе алмаған отбасылар асырап алмақшы болған. Бірақ ата-анам өздері ырымдап, бермеген жайы бар. Бес жасқа дейін туыстарымның қолында тәрбиелендім, одан кейін өздері қайтып алып кетті", — дейді Сайрагүл Сауытбай.


Арабша жазылған "Алла" жазуы Сайрагүлдің оң қолында, бас бармағының жоғарғы тұсында орналасқан. Бір қызығы, күйзеліске түсіп, қатты қиналған сәтте жазу кәдімгідей анық көрініп тұрады екен.


"Мен қатты қиналып, жылаған сәттерімде осы жазу бадырайып, анық көрінеді. Сол кезде өз-өзімді сабырға шақырып, еңсемді тіктеп аламын. Әлгі жазуды үш рет сүйіп қоямын. "Алла Тағала төбемде тұр ғой, жыламайыншы, бәрі жақсы болып кетеді" деп өз-өзімді жұбатамын", — дейді қандасымыз.


Сәуле Әбілдаханқызы да Сайрагүлдің қолындағы жазуды көргенде, таңданысын жасырмады.


"О бастан Алла Тағала сені бір миссияға дайындап, тағайындап жіберген сияқты… Демек біз Сайрагүлді қорғауымыз керек шығар", — деді журналист.


Сайрагүл Сауытбайдың ісі


Еске сала кетсек, екі жыл көрмеген отбасымен қауышу үшін шекараны заңсыз кесіп өткен қандасымыз Сайрагүл Сауытбайдың тағдырына барша қазақ жұрты алаңдаған еді. Қытай азаматын осы жылдың мамырында Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері "Қорғас кеден бекетін заңсыз бұзып өтті" деген айыппен үйінен ұстап алып кеткен.


Белгілі болғандай, ерлі-зайыпты Уәли Ісләм мен Сайрагүл Сауытбай екі баласымен бірге Қазақстанға 2016 жылы көшіп келгісі келіпті. Алайда, Сайрагүлдің айтуынша, ол Қытайда құпия саналатын "саяси үйрену орталықтарында" жұмыс істеген, "мемлекет құпиясын әшкерелемеу" туралы қолхат берген. Сондықтан Қытай оны жібермей қояды. Ал жұбайы мен балалары Қазақстан азаматтығын алған.


Этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбайға қатысты сот үкімі 1 тамызда шықты. Алматы облысының Панфилов аудандық соты қандасымызды 6 айға шартты түрде бас бостандығынан айырып, сот залынан босатты. Ол Қытайға берілмейді. Тек алты ай күйеуінің мекенжайы бойынша пробациялық бақылауда болады.


Сайрагүл Сауытбайға азаматтық беріле ме?

Бірінші кезекте, босқын мәртебесін алу керек. Бұл мәселе кемінде үш ай қаралады. Келесі қадам — Қазақстан азаматтығын алу.


"Сайрагүл Сауытбайға көші-қон полициясы берген куәлік Қазақстанның азаматтығын алуды тездетуге көмектеседі. Азаматтық алуға байланысты барлық құжат тиісті органдарға тапсырылды, өтініштер жазылды. Ендігі кезекте бұл мәселе ҚР президенті жанындағы мемлекеттік комиссия тарапынан шешіледі", — дейді адвокат Абзал Құспан.


 




Көрілген: 506    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.08.2018, 15:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Желтоқсан, 14:05
    Бұл не масқара! (видео)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31