«Секс-туризм ордасы» деген жаман атқа тап болып отырмыз

«Секс-туризм ордасы» деген жаман атқа тап болып отырмыз

Танымал қоғам қайраткері, ұлттық құндылықтарды қорғауда өзіндік  берік ұстанымы мен ерекше  пікірі  бар азаматтардың бірі –  «Ұлы дала Қырандары» республикалық  қоғамдық әлеуметтік-мәдени  қозғалысының тең төрағасы Сәдібек Түгел (суретте) екені елге аян. Сәдібек мырзаның  ерекше ұсыныс-бастамалары ел арасында қызу пікір-талас тудыратыны да анық. Солардың бірі деп Сәдібек Түгел дайындаған : «25» - атты бағдарлама дер едім. Осы бағдарламаға байланысты  Сәдібек ағамен кездесіп,   сұхбаттасудың сәті  түсті.

- Сәдібек аға, сіздің  abai.kz ақпараттық порталында жарық көрген  «Отанды- сату жемқорлықтан басталады»- атты  сұхбатыңыздағы  «25» бағдарламаңызға   қатысты   көптеген сауалдар  туындауда. Осы  бастама туралы  толық айтып берсеңіз?

 -  «Бұл  елге қажетті маңызды бағдарлама идеясының авторы әрі ұйымдастырушысы  Қазақстан Республикасының  «ҰЛЫ ДАЛА ҚЫРАНДАРЫ»   қоғамдық әлеуметтік-мәдени қозғалысы. Бағдарламаның негізгі  мақсаты:  қазақ намысын қорлатпауға арналған. Біздің  Мемлекеттік Ән Ұранымызда мынадай қасиетті сөздер жазылғанын білесің: «Намысын бермеген қазағым мықты ғой!». Олай болса   біз үшін ең  басты  міндеттердің бірі – қазақ намысына кір келтірмеу, жастарды ар-ожданды қатаң сақтауға, теріс жолға түспеуге,  ізгілікке, инабаттылыққа,    жоғары мәдениеттілікке,  отаншылдыққа,   тәлім-тәрбиелі болуға,  ұлттық салт-дәстүрді құрметтеуге,  туған Отанымыз - Қазақстан Республикасының мықты да намысты  азаматы болып өсуге тәрбиелеу  болып табылады.  
 - «25» бағдарламасын  дайындау    идеясы неден туындады?  
- «Күнделікті өмірдегі  жастар арасында қалыптасқан  жантүршігерлік  арсыздықтардың көбеюіне тосқауыл қою,  ұлт намысын қорлайтын келеңсіз жәйіттерді болдырмау, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  туған Отанымыз -  Қазақстан Республикасын  әлемдегі   дамыған 30 мемлекеттің  қатарына  қосуымыз  қажет деген Стратегиясына азаматтық үн қосу    мақсатында  дүниеге келді. Оған себепкер болғаны - көптеген қазақ  қыздары арасында жезөкшеліктің белең алуы,  қазақ жерінде «гей, гейша»,  «сексхана атанған  сансыз сауна-хауыздардың» және  басқада «жынойнақ» клубтардың арам шөптей  қаптап кетуі,  «лас секс туризмнің» Қазақстанға келуі, арсыздықтың шектен шығуы,  көгілдірлердің басынғаны сондай - халқымыздың Ұлы тұлғасы Құрманғазыны  қорлауы, біржыныстылардың үйленулері, нашақорлықтың, маскүнемдіктің тыйылмауы. Осы аталған  кесепаттардың кесірінен  ұлт намысына зиян келуде, қазақ намысы басқа жұрттардың алдында  тапталуда, күлкіге қалудамыз. Капитализация, приватизация, трансформация,  нарық экономикасы, баю, баю және де баю керек  деп жүріп күлкімізді жинап ала алмай қалып жүрмейік. Сөз жоқ, баю керек. Оған дау жоқ, талас жоқ.  Астанада қар күрегіш машиналар бар.  Солар жауған қарды бұрқыратып күреп жүреді. Біздің экономикамызда сол қаркүрегіш машиналар сияқты бұрқырап, дамуы керек. Оған біз  бөркімізді аспанға   лақтырып тұрып қуануымыз керек. Қуанбағанда  ше,  осылай дами берсек, 30 елдің емес (әлемде жер көлемі бойынша 9-шы орында аламыз ғой, соған сәйкес),  9 мемлекеттің ішінен қара көрсетуіміз әбден мүмкін. Оған барлық жағдай бар. Мұнай, газ, уран, алтын,  қорғасын, мырыш,  тантал, алюминий және тағы да басқа жер ресурстарының  байлығынан әлемде  алтыншы орындамыз. Кемеңгер, стратег көшбасшымыз   Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлындай дүниежүзі мойындаған  Президентіміз бар.
 Ал, бұл жерде кемшілігіміз неде? Кемшілігіміз - идеологияның әлсіреуінде, рухани азғындаудың белең алуында  дер едім. Бізде  экономика бар да, идеология жоқ. Идеология жоқ жерде, ар-ұят, ождан жоқ болады, жастар рухани азғындыққа ұшырайды.  Қазақтың екі мың жылдық тарихында қазақ әйелдерінің арасында  бұрын соңды көшеде, далада тәнін сататын жезөкшелік  болған емес. Ол бізге 20 - ғасырдың  тоқсаныншы жылдары капитализммен бірге келді. Тек, бір Алматы қаласында тіркелген 10000 аса  тәнін сатып, қазақты жерге қаратып  жүрген қазақтың қыздары бар екен. Айта берсек  ұлттың арына нұқсан келтіретін, намысын қорлайтын келеңсіз кемшіліктер көп.  Олар барған сайын өрши түсуде.  Одан қалай құтыламыз? Міне, сол үшін  осы аталған  «25» Бағдарламасы   дүниеге келді.
- «25» бағдарламасы  нені көздейді?!
- Біріншіден: Еліміздегі идеология мәселелерін қайта қарап, талқылау керек. «Ұлттық идеология мәселелері» атты 2015-2030 жылдарға арналған мемлекеттік Бағдарлама  қабылдау керек. Елбасыға тікелей бағынатын  жаңа «Ұлт идеологиясы және жастар тәрбиесі» атты жалпыұлттық  құрылым құруымыз қажет.
Екіншіден: «Ар-ождан» заңын қабылдау. Ар-ождан полициясын құру.
Үшіншіден: Осы «Ар-Ождан» Заңының негізінде жезөкшелерді, нашақорларды қатаң жазаға тарту.
Төртіншіден: «сексхана» атанған қаптап кеткен «сауна-хауыздарды»,  «түнгі клубтарды», «гей, гейша» клубтарды, басқада  «жынойнақтарды» тез арада жабу.
Бесіншіден:  лас туризмге жол бермеу.
Алтыншыдан: жастардың тәлім-тәрбиесіне  отбасында, балалар бақшасында, мектепте,  барлық оқу орындарында,  ұйымдарда,  кәсіпорындарда бірінші кезекте көңіл бөлу. Барлық жерде «Ар-Ождан» сабақтарын өткізу.
Жетіншіден: Қазақ  «Қызға –қырық үйден тыйым» деп бекер айтпаған. «Қыздың намысы - елдің намысы». Қыздың намысы тапталса, елдің намысы ойран болады емес пе? Біз Арды бәрінен жоғары ұстаған  халық едік ертеде. Қазір не болды? Ар-ұяттан неге айырылдық?
Сегізіншіден: бір ғасыр – 4 ширек ғасырдан құрылады. Ал, бір  ширек ғасырда - 25 жыл бар.  Сол 25 жылда  қазақтың  қызы  оқуын оқып, өсіп, бойжетіп тұрмыс құруы керек. Сол 25 жылда  қазақтың  ұлы  ат жалын тартып мініп,  оқуын оқып,  өсіп-ержетіп, үйленуі керек. Олай болмаған жағдайда қоғам дабыл қағуы тиісті.
Тоғызыншыдан: Қазақ қыздары тек қазақ жігіттеріне  тұрмысқа шығулары керек,  басқаларға тұрмысқа шығуларына қатаң  тиым салынуы  қажет  деп санаймын. Себебі , осы үрдіс  әрі қарай осылай  жалғаса берсе, ұлттың күрт  азайуына алып келеді.
Қазір елімізде 700 мыңдай  кәрі қыз тұрмыс құрмай,  300 мыңдай  жігіт сүр бойдақ болып сүрпиіп  жүр. Бұл дабыл қағатын мәселе емес пе?
Оныншыдан: Жоғары оқу орындарындағы ақылы оқуды тоқтату. Біздің жастар тегін білім алулары керек.
Онбіріншіден: жастардың  Ар-ождан тәлім-тәрбиесіне  бүкіл халық болып атсалысуымыз ауадай қажет болып тұр.  Проституциясы дамыған ел атану – сүйекке таңба. Одан  өлген артық. «Ар-Ожданды қатаң  сақтау» ұлттық идеология болуы  керек.
-  «Лас туризм» дегенді түсіндіріп беріңізші?
- «Время»  газетінің  2014 жылдың   9-шы тамызында  белгілі қазақстандық журналист қарындасымыз  Мадина Айымбетованың «Зачем  вы, мальчики? Кто-то пытается  приклеит  к Казахстану  ярлык  второго  Таиланда.  Статья  в индийском  интернет-издании, назвавшая  нашу страну  новым  центром мирового  секс-туризма, стала поводом для разбирательства на дипломатическом уровне. Бангкок –это прошлое. Индийские мужчины  теперь  толпами  стекаются  в Казахстан»- атты намысты қазақтардың  жанын түршіктіретін жанайқай  мақаласы  басылды. Жел болмаса шөптің басы қимылдамайды.
Шын мәнінде лас туризм  ұлттың қасіретіне, қайғысына айналып,  біздің  елді  әлемге масқаралауда.   Аталарымыз: «Мешкей деген ат жаман»  десе,  мынау ярлык тіпті онан  миллион есе  сұмдық клеймо болып тұр. Осыны түсінетін  сәт келді. Орыстарда мынадай  қанатты сөз бар:-«ИМИДЖ все, остальное ничто!».  Лас туризмнен бізге  өте  жаман лас  атау  таңылып отыр.  Бұны естігеннен, көргеннен өлген артық деп санаймын.   Біз бай елміз деп жар саламыз.  Бүкіл әлем мазақтап  «секс туризмнің отаны  - Қазақстан,  ал секс туризмнің астанасы – Алматы қаласы» десе намысы бар қазақ  өлмегенде не істеу керек?   Дәл осы жағдайда байлық неге керек, барлық неге керек ? Ашығын айтайын, осы мәселелер мені  қатты алаңдатып жүр.  Логикаға салсақ  секс-туризм   экономикасы нашар,  намысы тапталған, ар-ұяты аз  елде ғана орын алады емес пе? Бізде ұлтқа,  жастарға  жоғары адамгершілік рухта  тәлім-тәрбие беретін  идеология жоқ.  Оның орнын лас туризм  басып отыр.  Соның салдарынан  мемлекеттің имиджіне нұқсан келтіретін,  қазақ азаматтарының сағын сындырып, намысын  таптайтын келеңсіз  секс-туризм  ордасы деген  жаман атқа тап болып отырмыз.  Лас туризмді болдырмайтын  шараларды тез арада жүзеге асыру қажет.
- Аға, «25» атты  тамаша Бағдарламаңыздың орындалатына сенсіз бе?
-  Сенбегенде ше? Сенемін. Біз орындатпасақ кім  оны орындадаты. Бұл – ұлт болып ұйысып,  жұрт болып  жұмылып  атқаратын  үлкен  іс-шара.

(Тақырыбы өзгертілген)

Abai.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста