Мәселе

Шекарашы "Қордай" шекаралық бақылау-өткізу пунктіндегі жағдайды айтып берді (видео)

  • © tengrinews.kz

    © tengrinews.kz

Қазіргі уақытта "Қордай" шекаралық бақылау-өткізу пунктінде жолаушыларды өткізуге қатысты шектеулер жоқ. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісіне қазақстандық тараптағы кезекші шекарашы айтты.


"Шекара қызметі күшейтілген режимге өтті, бірақ жұмыс істеп тұр. Көліктер өтіп жатыр. Кезек тек таңғы уақытта болады, ал қазір барлығы дұрыс", - деді кезекші.


Сондай-ақ, ол Қазақстанның шекара қызметінің де Қырғызстандағы сайлауға байланысты күшейтілген режимге өткенін айтып өтті.



Осыған дейін Қырғызстанның шекара қызметіндегілер Қазақстан шекарасындағы жағдайға қатысты түсінік берген еді.


Айта кетейік, кеше кешкі уақыттан бері шекарада көліктер кезекте тұрып қалған болатын.


"Қырғыз Республикасында президент сайлауына дайындық және сайлаудың өтуіне байланысты Қырғызстанның Мемлекеттік шекара қызметі күшейтілген режимге өтті", - деп хабарлаған еді Қырғызстанның шекара қызметіндегілер.

 




Көрілген: 821    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 11.10.2017, 12:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31