Мәселе

Шілде айында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 8,2 млрд теңгеден астам жарна түсті

  • Шілде айында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 8,2 млрд теңгеден астам жарна түсті

    Шілде айында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 8,2 млрд теңгеден астам жарна түсті

Шілде айында Медициналық сақтандыру қорына 8,2 млрд теңгеден астам жарна аударылды. Бұл туралы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Хабарламаға сүйенсек, жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2018 жылдың 31 шілдесі аралығында жеке кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер төлеген жарналардың жалпы сомасы 88,9 млрд теңгеден асып жығылды.




Оның 80,3 млрд теңгесі (90,3% жуығы) жұмыс берушілердің қарамағындағы жұмыскерлері үшін жасаған аударымдары болса, қалған 8,6 млрд теңге (9,7%) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан Алматы және Астана қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр.

МСҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады.Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген. Түскен қаражат болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады.


 




Көрілген: 354    Пікірлер: 0

бейсенбі, 02.08.2018, 17:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31