Мәселе

Шудағы жантүршігерлік теміржол апатына қатысты жаңа деректер шықты

  • © ktk.kz

    © ktk.kz

Жамбыл облысы Шу ауданында жолаушылар пойызының апатқа ұшырауына, шойын жол күтіміне жауапты бірнеше басшы азаматтар кінәлі болып шықты. Тексеру жүргізген Бас көлік прокуратурасы олар «өз ісіне немқұрайды қараған» деген қорытындыға келген. Яғни бақылаусыз қалған рельстер майысып, вагондар аударылған.


Темір жолдың қайғылы жағдай болған бөлігіне Шу жол дистанция басшысының орынбасары, 2-участоктің басшысы және оның орынбасары сондай-ақ тағы бір жұмысшы жауапты болған. Құзырлы орын осы азаматтарды апатқа кінәлі деп тауыпты.


Сот сараптамасы, тексеру жүргізген мамандар, куәгерлер де прокуратураның сөзін қуаттаған.


Жалпы кісі өлімімен аяқталған апатқа қатысты 700 адамнан жауап алынып, 75 заңды және жеке тұлға жәбірленуші деп танылған.


Төрт ай бойы тергелген іс Шу аудандық сотына енді жетті.


Еске салсақ, маусымның 17-де Жамбылда №9-шы «Бәйтерек» жолаушылар пойызы апатқа ұшырап, бір жасөспірім ажал құшқан болатын. Тағы 11 адам түрлі дене жаратын алған еді.


ktk.kz


 




Көрілген: 267    Пікірлер: 0

сенбі, 03.11.2018, 09:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Қараша, 11:42
    Ерекше құдалық (ВИДЕО)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30