Мәселе

Шығыс Қазақстанда үйлерді су басты (фото)

  • © egemen.kz

    © egemen.kz

Өңірде соңғы күндері толастамай жауған жаңбыр қарды лезде ерітіп, аймақтағы үйлер, аулалар мен қора-қопсыны су ала бастады.


Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің таратқан мәліметтеріне сүйенсек, қазіргі уақытта аймақтағы 6 жеке үй мен 25 ауланы су басқан.


Нақтырақ айтсақ, Өскеменде 4 үй мен 14 учаскені, Аягөз ауданында 2 үй мен 6 учаскені, Ұлан ауданында 5 аула аумағы жаңбыр мен еріген қар суының астында қалған.


Қазіргі уақытта Төтенше жағдайлар департаментінің 186 қызметкері, 46 техникасы мен 17 су сору құрылғысы тілсіз жаумен күрес жүргізуде. Үйлер мен аулалардағы суды сору, құм төгу, бекіту жұмыстары қолға алынуда. Зардап шеккен ешкім жоқ.


Ұлан ауданы аумағынан өтетін «Өскемен-Алматы» бағытындағы республикалық маңыздағы жолдың 2 учаскесінде қар суы жол үстіне жайылып кеткен. Қазіргі уақытта «Қазақавтожол» мекемесінің қызметкерлері жолды бекіту жұмыстарын жүргізіп жатыр.


Облыс орталығы – Өскеменде тұрғын үйлердің аулалары мен жеке меншік үйлерді су басумен қатар қаланың орталық көшелері де көлкіген қар суының астында қалған. Шаһар шетіндегі Красина, Бабкина мельница, Кемежай, Аблакетка кенттерінің тұрғындары тілсіз жаумен түні бойы арпалысқандарын айтып, шағымдануда.


«Суғаралар дұрыс жұмыс істемейді. Ауа-райының болжамынан барлығы хабардар, соның салдарына дайын болу керек емес пе? Жылда осы», - дейді ашуға мінген Красина кентінің тұрғындары.


Өскемен қаласының ТЖБ баспасөз қызметінің маманы Марина Лискова бір түнде 300-ге жуық қоңырау шалынғанын, құтқару жұмыстары тынымсыз жүргізіліп жатқанын хабарлады.


«Бәрін біліп отырмыз. Түні бойы тұрғындардан хабарламалар түсіп жатыр, қызметкерлер жұмыс істеуде. Көмек қажет болса, екі желі ашық тұр. Өскемендіктер 138 телефонына, облыс тұрғындары 112 нөміріне хабарласа алады», - дейді ол.




«Егемен Қазақстан»


 




Көрілген: 593    Пікірлер: 0

жексенбі, 11.03.2018, 16:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Желтоқсан, 14:05
    Бұл не масқара! (видео)
    18 Қараша, 11:42
    Ерекше құдалық (ВИДЕО)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31