Мәселе

Шымкент әкімі неге орысша шүлдірледі?

  • © Rgmedia.kz

    © Rgmedia.kz

Бүгін Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Бауыржан Қалжанов жыл бойы атқарған жұмыстары жөнінде халық алдында есеп берді деп хабарлайды Rgmedia.kz. Бұл жиынға қала әкімі Нұрлан Сауранбаев та қатысты.


Бауыржан Ахметәліұлы баяндаманы мемлекеттік тілде жасады. Әйтсе де, 100 пайыз мемлекеттік тілде жасалған бұл баяндамаға жергілікті бір тұрғын наразылық танытты.


"Нұрсұлтан Әбішұлы әрқашан 2 тілде сөйлейді. Әкімдік мемлекеттік мекеме болып табылады. Құрметті аудан әкімі, сіз Конституцияның бір бабын бұздыңыз", — деген тұрғын жиында ресми тіл — орыс тілінің "жетімсіреп" қалғанына көңілі толмады.


Бұл "сынға" Бауыржан Ахметәліұлы жауап бермеді. Тек жиын аяқталуға жақындағанда ғана қала әкімі Нұрлан Сауранбаев қала тұрғынының наразылығына қатысты пікір білдірді:


(Қала әкімінің сөзі қаз-қалпында берілді)


"Елбасы бізге пример де көрсетіп жатыр. Везде на всех мероприятиях должны вестись на двух языках. Вот вы послание жолдауды соңғы естідіңіз ғой? Два вопросты Елбасы қазақша айтты, екі вопросты орысша айтты. Поэтому в этом отношении доступность информации и конституционные права должны всегда соблюдаться. Поэтому Бауыржан 10 балньый система, саған… сізге бәрі солай деді. Бірақ, мына жағынан я думаю есть вопросы которые… Баяндама жасағанда тағы да ішінде или дополнение обязательно нетіп неғылыңдар. Ол жағынан я думаю правильное замечание от жителя города было. Поэтому эти вопросы я думаю что надо обязательно соблюдать"



Осылай деген Нұрлан Ермекұлы қала тұрғының сөзіне қосылатынын айтып, аудан әкімі Бауыржан Ахметәліұлына ескерту жасады. Ал, атқарған жұмыстарына оң баға берді.


 


 


 


 




Көрілген: 683    Пікірлер: 1
Пікірлерді оқу (1) preloader

дүйсенбі, 22.01.2018, 19:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28