Мәселе

Шымкент облысында 44 жастағы әйел жас жігітті алдап күйеуге шығып алмақшы болған

  • © sn.kz

    © sn.kz

Түркістан облысы Түлкібас ауданында 44 жастағы әйел жас жігітті алдап, оған күйеуге шығып алмақшы болған. Бұл ақпарат әлеуметтік желілер арқылы тарауда.


Видео авторының айтуынша, 44 жастағы әйел 29-дағы жігітке тұрмысқа шықпақшы болған. Ол жігітпен кездескеннен бастап өзін 34 жастамын деп таныстырыпты. Алайда, тура беташар күні әйелдің шын жасы белгілі болып қалған.


«1988 жылғы жігіт бір әйелмен танысқан екен. Екеуі кездесіп жүріп, үйленбекші болыпты. Әйел осы уақытқа дейін өзін 1984 жылғымын деп жігітті алдап келген. Сөйтіп жігіт үйленбекші болып, әйелді ауылына әкеліпті. Бірақ тура беташар күні жігіттің анасы болашақ келінінің сөмкесін ашып жатқанда, жеке куәлігінен оның шын мәнінде 1974 жылғы екенін көріп қойған. Ата-аналар мұндай алаяқ әйелдерден сақтаныңыздар», – дейді автор.


Өз кезегінде желі қолданушылары бұл оқиғаның Түркістан облысында болғанына шүбә келтіруде. Өйткені оңтүстік жақта табалдырық аттағалы тұрған келіннің шыққан жері мен жасына қатты мән береді дейді олар.


sn.kz


 




Көрілген: 4020    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.10.2018, 17:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Қараша, 11:42
    Ерекше құдалық (ВИДЕО)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30