Мәселе

Шымкентте 6 балалы ананы пәтерінен қуып жатыр

  • Шымкентте 6 балалы ананы пәтерінен қуып жатыр

    Шымкентте 6 балалы ананы пәтерінен қуып жатыр

Бір апта бұрын ғана Фозила Досметованы көпшілігі үшемнің туылуымен құттықтаған болатын. Екі қызы мен бір баласы бар әйел үшем босанып, көпбалалы аналар қатарына қосылған еді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі otyrar.kz сайтының мәліметіне сүйеніп.


Өткен аптада дүниеге келген балалар уақытынан ерте туылған, анасының да жағдайы ауыр болыпты, алайда дәрігерлер балалар мен ананың өмірін сақтап қалған. Ал бүгінде Фозила Досметова балаларын жалғыз өзі бағып отырғаны белгілі болды. Сондай-ақ, бұл отбасының күнкөріс жағдайы тым төмен, өздерінің жеке баспанасы да жоқ екен. Ең қорқыныштысы, алты бала анасымен көшеде қаңғып қалудың сәл-ақ алдында тұр, оларды жалдамалы пәтерлерінен қуып жатқан көрінеді.


Оның құрбысы Ұлболсын Абдауалиева көпбалалы ананың қандай жағдайда күнелтіп жүргенін көрсетті. Жақында ғана босанып шыққан әйелді балаларымен екі күннен кейін тағы да ауруханаға алып кетіпті. Дәрігерлер үшемнің денсаулығына алаңдап отыр екен, екі бөлмелі пәтердің іші суық, ал жылытатын құралды пайдалану тым қауіпті дейді. Әйелдің қалған үш баласы ағаш тақтайдың үстінде ұйықтайтын көрінеді және үйдің ішінде шомылып, кір жуады екен. Бір сорақысы, жақын арада көпбалалы отбасы бұл пәтерлерінен де айырылмақ. Жалдамалы пәтердің иесі отбасынан жақын күндері үйді босатуын талап етіпті.


«Олар бұл үйде екі жылдан бері тұрып келеді. Ал қазір бұларға көшіңдер деп айтып жатыр. Біріншіден, бұл отбасының үлкен қарызы бар. Екіншіден, олар жылытатын пешті қолданып отыр. Үйдің иесі Астанадағы қайғылы оқиға қайталана ма деп қорқуда. Енді бұл отбасы қайтпек? Қай жерді паналайды?» - дейді құрбысы.


Балаларының үлкені 17 жаста – Гузаль Досметова, кейін 16 жастағы Шадияр – екеуі жақын маңдағы дүкеннен азық-түлікті қарызға алады екен. Екі жасөспірім мектепте оқиды, бірақ олардың автобусқа мінетін ақшалары да жоқ. Аналары ауруханада кезде көршілері қолдарынан келгенше көмектесіп отырыпты. Гузальдың айтуынша, мұндай ауыр жағдайда тұрып жатқандықтан, мектепте оқу үлгерімдері де айтарлықтай жақсы емес екен.


«Біздің жағдайымыз тым қиын, біз де барлық адамдар секілді жақсы өмір сүргіміз келеді, анамызды қатты сағындық. Өлместің күйін кешіп жүрміз. Мектебіміз үйден тым алыста орналасқан, автобусқа мінетін ақшамызды әзірге анамның құрбысы беріп отыр. Азық-түлікті де қарызға алып отырмыз, бірақ оны да қашанға дейін қарызға бере береді екен... Маған ҰБТ-ға дайындалу керек, бірақ қазір оған тіпті мүмкіндік жоқ. Мектебіміз алыста болғандықтан екі автобуспен барамыз. Ал енді баспанамыздан да айырылайын деп отырмыз...» - дейді Гузаль Досметова.


Заңгер Нұрбол Нұрханов бұл отбасының жағдайын ести сала көмектесуге ниет білдірген. Ол көпбалалы анаға мемлекеттен әлеуметтік көмек алу үшін құжаттарын дайындауға көмектесіп жүр.


Айта кетейік, Фозила Досметова бірер жыл бұрын екі баласымен жесір қалған. Кейін екінші рет құрған отбасы сәтсіз болса, үшінші күйеуі бұл әйелдің аяғы ауыр екенін білгеннен кейін Өзбекстанға қашып кетіпті. Бұдан бөлек, отбасының 800 мың теңге несиесі бар екен, бірақ оны төлеуге көпбалалы ананың жағдайы жетпейді.





Көрілген: 536    Пікірлер: 0

сенбі, 09.02.2019, 23:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Ақпан, 21:05
    Лашықтағы өмір

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28