Мәселе

Шымкентте көлік ұрылары қылмыс үстінде полицияға ұсталып қалды

  • Шымкентте көлік ұрылары қылмыс үстінде полицияға ұсталып қалды

    Шымкентте көлік ұрылары қылмыс үстінде полицияға ұсталып қалды

Шымкентте көлік ұрысы қылмыс үстінде полиция қызметкерлерінің қолына түсті. Бұл туралы Шымкенттің Жергілікті полиция қызметі хабарлады деп жазады Оtyrar.kz.

Шымкент қаласының орталығындағы Бейбітшілік көшесінде белгісіз екі адам аулада тұрған көліктердің бірін тонап кетпек болған. Қаскөйлер Mercedes маркілі көлігінің артқы есігін ашып, ішінен құнды заттарды іздестіре бастапты.


Осы сәтте аймақты шолып жүрген Жергілікті полиция қызметінің инспекторы оқиғаның үстінен түскен.


"Полиция қызметкерін байқап қалған қаскүнемдер жан-жаққа қаша бастайды. Инспектор олардың бірін қолға түсірді. Ол елімізде жүрген Қырғызстан азаматы болып шықты", - деп хабарлады полиция қызметкерлері.

1993 жылғы ұсталған азамат өзінің сыбайласымен бірге көліктің есігін бұзып жатқанда бейнебақылау камерасына түсіп қалған.


Қазір аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Ұсталғандардың өзге де қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Екінші күдіктіні іздеу жұмыстары жүріп жатыр. 




Көрілген: 414    Пікірлер: 0

жексенбі, 29.07.2018, 11:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Желтоқсан, 14:05
    Бұл не масқара! (видео)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31