Мәселе

Шымкентте суық күнде қайыр тілеп жүрген әжей жұрттың жүрегін ауыртты (фото)

  • © nur.kz

    © nur.kz

Шымкентте бала-шағасы баға алмаған қарт ана көшеде қайыр сұрап жүр. Жетпісті алқымдаған қарт кісіге шұғыл түрде ота жасалмаса, мүгедек болып қалуы мүмкін деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.


Шырын әжей бір жылдан бері Шымкентте орталықтағы мешіттің алдында қол жайып отырады. Соңғы кездері денсаулығы нашарлап, жиі сырқаттанатын болған. Ал жақында қарт кісіге дәрігерлер "су қараңғы" диагнозын қойыпты.


Көру қабілеті нашарлаған әжейге шұғыл түрде ота жасау қажет. Бірақ, қаржының тапшылығынан кейуана ота жасамақ түгілі, күнделікті тамағын қайыр сұрап жүріп, әрең табады екен.


"Баспанам болғанымен, ол банктің атына өтіп кеткен. Ай сайын несие төлеп тұруым керек. Бала-шағам бар. Бірақ, мені баға алмайды. Олар өздері әрең дегенде күн көріп жүр. Амал жоқ, қолымды жайып отырамын. Бір жылдан бері қайыр сұраймын. Күніне бес жүз теңгеден мың теңге аралығында ақша табамын. Көзім көрмейтін де болды. Операция керек. Бірақ, ақша жоқ. Намыстансам да амалдың жоқтығынан қолымды жайып отыруға мәжбүрмін", - дейді Шырын әжей.

Ұл-қыздарынан үмітін үзген қарт кісі қайырымды жандардың көмегіне зәру. Сондықтан, мешіттің алдында қол жайып жүреді. Баспанасы үшін ай сайын несие төлеп тұрмаса, көшеде қалуы мүмкін.


Егде жастағы кісінің жұмыс істеуге қауқары да жоқ. Отыз жыл отандасқан күйеуі осыдан он жыл бұрын қаза тапқан. Қазір жалғыз өзі өлместің күнін кешіп жүр.


Ал көзіне жақын арада ота жасалмаса, Шырын әжей соқыр болып қалуы мүмкін. Қартайған шағында жалғыз қалған қарт ана мүгедек болғысы келмейді. Сондықтан, көпшіліктің көмегіне зәру.


Шырын әжейге көмек қолын созам деген жандар үшін байланыс нөмірі 8778 652 22 24 




Көрілген: 998    Пікірлер: 1

жұма, 12.01.2018, 12:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30