Мәселе

Шымкенттік жетім қыз үш әйел алған күйеуінің қорлығы туралы айтты

  • © esp.md

    © esp.md

Әкесі де, анасы да жол апатынан қайтыс болып, жалғыз өзі қалған бойжеткен өзінен үлкен жігіттің арбауына түсіп, қалай тоқалға айналғанын өзі де білмей қалған. Үш әйел күйеуінің әрекетіне күйінген ол бар шындықты NUR.KZ порталына айтып берді.


Жетімдер үйінде тәрбиеленген шымкенттік бойжеткен өзінің тағдырына налыды. Оның айтуынша, ол сболашақ күйеуін жиырма жасында кезіктірген. Көшедегі көліктерге литовкалар таратып, күнін көрген қыз көлігі бар жігітке ұнап қалғанын жасырмайды. Кейіннен кинотеатрда кездесіп қалған ол болашақ күйеуінің оған айрықша көңіл бөліп, қомақты қаражат беріп отырғанын айтады. Алайда ол өзіне көзі түскен жігіттің әйелі, бала-шағасы барын білмеген. Кейіннен бұл шындықты білген оның "тоқалым бол" деген ұсынысынан бас тартады. Алайда артынан қалмай қойған жігітке ақыры көніп, бірнеше айдан соң мұсылмандық жолмен некесін қидырған екен.


Бірнеше жыл бірге тұрған келіншек оған ұл туып берген. Не ішем, не кием деп уайымдамаған ол шетелдерге де шығып, ақшадан еш тарылмағанын айтады. Алайда ол үшінші әйел алған кезде оның шыдамы таусылған.


"Бір күні күйеуім маған тұрып жатқан пәтерімді босатуды сұрады. Сөйтсем, ол онда үшінші әйелін әкелмек екен. Неге олай істейсің деп едім, ол шариғат бойынша оған рұқсат етілгенін айтты. Мен бұған төзе алмадым. Ұлымды алып кетіп қалдым. Оған ұлыммен кездесуге де тыйым салдым. Алайда сот ұлы мпен әкесінің кездесіп тұруына рұқсат беріп, шешім шығарды", - дейді келіншек.

Бір қызығы, кейіннен мен жетімдер үйінде болған таныс жігітін кездестіріп қалады. Мектепте еден жуып жүрген келіншек ол жігіт те оған тоқал болуды ұсынғанын жеткізді.


Тоқал алатын ерлерден қатты шаршаған әйел енді мұндай жайтқа жол бермейтінін айтады. Ол өз сүйіктісін жолықтырып, бүгінде бақытты өмір кешуде. Алайда өткеніне өкінетін келіншек, ата-анасы тірі болғанда мұндай өзін басынған жандарға төтеп бере алар едім дегенді айтып, көз жасын тоқтата алмады. 




Көрілген: 2143    Пікірлер: 0

жұма, 09.02.2018, 16:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31