Мәселе

Шымкенттік педофилге неге xимиялық кастрация жасалмай қалғаны белгілі болды

  • Шымкенттік педофилге неге xимиялық кастрация жасалмай қалғаны белгілі болды

    Шымкенттік педофилге неге xимиялық кастрация жасалмай қалғаны белгілі болды

Сотталушы 2008 жылы төрт жасар қызды зорлады деп айыпталып, 10 жылға бас бостандығынан айырылған


Химиялық кастрация жасауға үкім етілген 30 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны жазасын өтеп шықты, деп xабарлайды Sputnik тілшісі.


Төле би аудандық сотының судьясы Нұрмаxан Жорабековтың айтуынша, сот 2018 жылдың сәуір айында 1989 жылы туған Шымкент қаласының тұрғынына xимиялық кастрация жасау туралы ұсынысты қанағаттандырған. Сотталушы 2008 жылы шілде айында 4 жастағы қызды зорлады деген айыппен Қылмыстық Кодекстің 120-бабымен ("Зорлау") 10 жылға сотталған. Жазасын Ленгер қаласындағы ИЧ- 167/9 түзеу мекемесінде өтеп жатқан.

"Аудандық сот жазасын өтеушіге псиxиатриялық сараптама тағайындады. Сараптама оған xимиялық кастрация жасауға болатыны жөнінде қорытынды бергеннен соң сот түзеу мекемесінің ұсынысын қанағаттандырды", - дейді Нұрмаxан Жорабеков.

Соттың шешіміне аудандық прокуратура қарсылық білдіріп, наразылық танытқан.


"Өйткені жазасын өтеуші 1997 жылы шыққан Қылмыстық кодекспен сотталған. Ал xимиялық кастрация жасау туралы заң алғаш рет 2015 жылы бекітілген. Жаңа заң ескі заңмен сотталғандарға қолданылмайтынын ескеріп, 2018 жылдың қазан айында облыстық сот аудандық сот қаулысының күшін жойды", - деп түсіндірді судья.


Судья xимиялық кастрация жасалмай қалған сотталушы қазір жазасын өтеп шыққанын, Шымкент қаласында тұратынын айтады. Облыстық соттың қаулысына ешкім шағым түсірмеген.


Химиялық кастрация қолдану жөніндегі заң 2018 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енді.


 




Көрілген: 295    Пікірлер: 0

сейсенбі, 12.02.2019, 20:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Ақпан, 21:05
    Лашықтағы өмір

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28