Мәселе

Сирияда өлім жазасына кесілді деген 3 қазақстандық әйелге қатысты министрлік мәлімдеме жасады

  • Altyn-orda.kz

    Altyn-orda.kz

Қазір Қазақстанның сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты тексеріп жатыр. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінің жетекшісі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


"Қазір сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты тексеріп жатыр. Мұндай оқиғаның болған-болмағанын анықтауымыз керек, өйткені әзірге дереккөз расталған жоқ. Бұл белгілі бір уақытты алады", — деді Смадияров апта сайынғы брифингте.


Ол Сирия аумағында заңды-заңсыз жүрген қазақстандықтармен байланысты мәселелер Қазақстанның Иорданиядағы елшілігіне тапсырылатынын айтты. Себебі ол Қазақстанның Сириядағы елшілігі қызметін қоса атқарады.


Еске сала кетсек, өткен аптада бірқатар БАҚ-та Сирияда үш қазақстандық әйел содырлардың қолына түсіп, өлім жазасына кесілгені хабарланған еді. Онда үш қазақстандық әйел отандастарын өлтіріп, ақшасын тартып алмақ болғаны айтылған. Қаза болғандардың арасында жеті жасар бала да бар.


 




Көрілген: 872    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 29.10.2018, 17:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Қараша, 11:42
    Ерекше құдалық (ВИДЕО)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30