Мәселе

Сириядағы босқындар лагерьлерінде қазақ балалары бар – СІМ

  • Сириядағы босқындар лагерьлерінде қазақ балалары бар – СІМ

    Сириядағы босқындар лагерьлерінде қазақ балалары бар – СІМ

Қазақстанның көптеген азаматы Сирияда соғыс болып жатқан аумаққа өздері барып, террористік ұйымдардың қатарында соғысты. Әскери қақтығыстарда қайтыс болған қазақстандықтар аз емес. Олардың балалары босқындар лагерьінде қалды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры Ардақ Мадиев айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.


«Сирияда қалған қазақстандық балалар туралы нақты мәліметті ешкім бере алмайды. Ұлттық қауіпсіздік қызметінде де ондай дерек жоқ. Себебі шетелге шығу – әрбір азаматтың конституциялық құқығы. Шетелге шыққан азаматқа бақылау жүргізілмейді. Ондай азаматтар консулдық тіркеуге тұрмаса, оларды елге қайтару қиын», - деді ол.


Осы орайда Ардақ Мадиев көптеген қазақстандық азаматтардың Сирияға өз еркімен барып соғысқанын, олардың кейбірі қаза тапқанын алға тартты. Оның айтуынша, соғыста қаза тапқан Қазақстан азаматтарының балалары бар. Олар бүгінде босқын лагерьлерінде өмір сүруде.


«Қазақстанның көптеген азаматтары соғыс болып жатқан аумаққа өздері барып, террористік ұйымдардың қатарында соғысты. Ал әскери қақтығыстарда қайтыс болған қазақстандықтар аз емес. Олардың балалары босқындар лагерьінде қалды. Қазіргі таңда біз сол балаларды анықтау бойынша тиісті шараларды атқарып жатырмыз», - деді директор.


Оның айтуынша, СІМ жақында Сириядан 11 азаматты: 2 әйел мен 9 баланы елге қайтарған. Алайда Ардақ Мадиев соғыс болып жатқан елде қазақстандық балаларды табу оңай емес екенін алға тартты.


«Олар қайдан және қашан келгенін айта алмайды. Себебі әскери қақтығыстар аймағында жүргендеріне үш-төрт жыл болды ғой. Сол жерде туған шығар. Бүгінде біз құзіретті органдармен бірлесіп, ол балаларды қайтару бойынша арнайы жоспарды даярлап жатырмыз. Әрине, оларды дерадикализациялау жағын да ойластыруымыз керек. Себебі ондай азаматтарды бейбіт өмірге бейімдеу керек. Негізгі мәселе - сол жақта қалып қойған балаларды анықтау. Мүмкін, телеарналардың біреуі сол жақтағы лагерьлерге барып, екі-үш жақсы репортаж түсіріп көрсетсе, осы жақтағы туған туыстары танып қалатын шығар. Сонда тиісті құжаттарды рәсімдеп, эвакуациялау шараларына кірісуге болады», - деп түйіндеді сөзін Консулдық қызмет департаментінің директоры.


Дәурен ЕРБОЛАТ




Көрілген: 536    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.12.2017, 18:20

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30